Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Желтоқсан, 2021

270

Тараздық Аналар кеңесі мүшелері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Тараз қаласында девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепте қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі ұйымдастырды.

Бұл мекемеде сот шешімімен жіберілген, заңға қайшы әрекет еткен жасөспірімдер түзелу бағытында тәрбиеленіп жатыр. ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері тәрбиеленушілерге сыйлықтар таратып, әңгімеге тартып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Балалар Аналар кеңесінің мүшелеріне алғыс ретінде мерекелік концерт ұсынды.


- Жыл сайын Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі осы арнайы мектеп жасөспірімдеріне сыйлықтар алуға көмектесетін меценаттарды қарастырады. Тұрақты демеушілердің бірі - ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Жамбыл облысының Өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі – Лобар Гаюпова. Бірнеше жыл бойы ол осы мекеме балаларына қамқорлық көрсетіп жүрген жандардың бірі. Үнемі дастархан жайып, сыйлықтар табыс етіп, көмегін аяған емес, - дейді Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова.


Кейін қарай