20 Тамыз, 2019
4314
Тарихи-танымдық экспедицияға қатысушылар Қызылорда облысының киелі жерлерін аралап көрді
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы ұйымдастырылып өткізілді.
Ұйымдастырушылардың ақпаратынап сәйкес, танымдық мәні зор саяхаттың басты мақсаты – тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау, орта ғасырлық қалалар, музейлер, сондай-ақ археологиялық ескерткіштер мен кесенелер тарихымен етене жақын танысу арқылы осы заманға дейін жеткен этнографиялық мұраларды насихаттау.
Экспедиция құрамы облыстық ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, аз қамтылған, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларынан жасақталды.
Экспедиция қатысушылары барған алғашқы тарихи нысан –ортағасырлық сәулет өнерінің жарқын үлгісіне айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Мұнда жастар ойшыл әрі ұлы ақынның тарихына қатысты естеліктерді, құжаттарды, өмірі туралы сыр шертетін экспонаттарды тамашалады.
Тарихи-танымдық экспедиция Түркістан облысының батысынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Сауран қалашығында да болды. XIII ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болған. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұналарының қалдықтары бар, ауданы 500-880 метр дөңгелек алаң саналады. Экспедиция мүшелері қаланың ішіне қақпа арқылы кіріп, оны қоршаған дуалдың сырт жағындағы көптеген каналдардың ізін көріп, жеті қатар қорғаныс қабырғаларын зерделеді.
Экспедициясының соңғы аялдамасы – Сыр өңіріндегі тарихи ескерткіштердің бірегейі - Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар көне қала – Сығанақ болды. Оның орны қазіргі «Сунақата» елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан бес бұрышты төбе, аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
-
«ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ӨРЛЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІРЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Бейбітшілік және келісім керуені: Астана қаласында тақырыптық дөңгелек үстел өтті
-
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ АЛМАТЫ Қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЖАСТАР ТЕАТР ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
-
Ақмола облысында «Руна жазулары» - түркі жазбалары фестивалі өтті
-
Ақтөбеде «Бірлік.Жасампаздық.Өрлеу» тақырыбында облыстық ҚХА XXVII сессиясы өтті
10 Маусым, 12:02
Ақмола облысында «Руна жазулары» - түркі жазбалары фестивалі өтті
12 Маусым, 14:57
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
12 Маусым, 13:49
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ АЛМАТЫ Қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЖАСТАР ТЕАТР ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
12 Маусым, 18:39
Бейбітшілік және келісім керуені: Астана қаласында тақырыптық дөңгелек үстел өтті
12 Маусым, 14:45
СЕНАТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫ Қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ БІРҚАТАР РЕСМИ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ