Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қаңтар, 2017

618

Татар әнінің кеші

2017 жылдың 13 қаңтарында Көкшетау қаласының «Истоки» мәдениет үйінде татар әнінің кеші ұйымдастырылды.

Кеш ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Ақмола облысы татарларының және башқұрларының бірлестігі,  қалалық әкімдік.

Аталмыш іс-шараның мақсаты - белгілі кеңестік татар ақыны, Кеңес Одағының батыры, Ленин сыйлығының иегері, батыр Мұса Жәлилдің мүсінін орнату бойынша қайырымдылық қаражатын жинау.

«Дуслар жиелган жирдэ» татар әні кешіне ТМД елдерінде, Франция, АҚШ танымал Қазан қаласынан шыққан өнерпаздар Динар Бадретдинов, Азат пен Алсу Фазлыевтар қатысты.

Қайырымдылық концертінде жинақталған 562 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражаттар Мұса Жәлилдің мүсінінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға бағытталатын болады.

Мұса Жәлилдің мерейтойлы жылында оның мүсінін жасау идеясы кәсіпкер Леонид Сердюковтың, «Казгеодезия» РМКК «Солтүстік геодезия» филиалының директоры Эльдар Азизовке тиеселі.

Сондай-ақ, қолдау көрсеткендердің қатарында: кәсіпкерлер Ферая Загреева, Рубит Османов, Ринат және Болат Құрмаевтар, Фархад Ишмухаметов, Идрис пен Наиль Құзахметовтар, Рашид Ахметов және тағы басқалар бар. Ал Александр Дворцевтың басшылығындағы «Регионстрой» құрылыс зауыты ескерткіштің негізін дайындау бойынша құрылыс жұмыстарын тегін ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновөз сөзінде: «Халық бір болса, кез-келген мәселені шешуге болады»,-деді.

Көкшетау қаласындаға Мұса Жәлил ескерткішінің ашылу салтанаты алдағы уақытқа өтеді жоспарлануда.

Кейін қарай