20 Тамыз, 2015
953
«Театрлық-педагогикалық лингвистикалық лагерь» жобасы
2015 жылғы 6-20 тамыз аралығында Петропавл қаласында «Театрлық-педагогикалық лингвистикалық лагерь» халықаралық жобасы өтті. Бұл жоба Қазақстандағы «Возрождение» немістер қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы мен Германиядағы ресейден барған неміс жерлестер ұйымдарының бірлескен жобасы.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Теміртау/Алматы (1988-1994 жж. бастап) неміс драмалық театрының жетекші әртісі, қазіргі уақытта Нидерштеттен қ. (Германия) ресей-неміс театрының әртісі, театралық педагог Мария Варкентин қатысты.
Жоба барысында балалар театралық әдістемелер мене қозғалыс негіздерін, сахналық сөйлеу мәдениетін, мәтінмен, әнмен, бимен жұмыс жасауды үйреніп, Қазақстандағы неміс драма театрының құрылу және даму тарихымен, Қазақстандағы немістер тарихымен танысты.
Сонымен қатар, жобаға Қазақстанның басқа өңірлерінен келген неміс тілінен беретін жас мұғалімдер және ілгеріде өз аймақтарында балалармен тілдік театр қызметін ұйымдастыруды мақсат тұтқан неміс қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері қатысты.
Екі апта ішінде қатысушылар Мария Варкентинмен жұмыс істеп, «Learningbydoing» әдісімен танысты.
Ауқымды жоба неміс тіліндегі «DieTollenTrolle» мюзиклмен аяқталды. Мюзиклдің премьерасы 17 тамызда Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында болды. Жарқын да көңілді «DieTollenTrolle» қойылымы қонақтардың көңіл-күйін арттырып, ұмытылмас әсер сыйлады. Қойылым соңында жағымды пікірлер айтылып, әртістерге зор қошемет көрсетілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ,Солтүстік Қазақстан облыстық «Видергебурт» неміс мәдени орталығы, «Возрождение» немістер қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы және Германиядағы ресейлік неміс жерлестер ұйымдары.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті