Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қыркүйек, 2016

3368

Тіл – қоғам нығаюының факторы

Қазақстан халқының тілдері күніне орай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттері ұлттық бірлікті қалыптастырудағы және қоғамдық бірлікті сақтаудағы тілдің рөлін  талқылады.

Біздің елде бұл мереке 1998 жылғы 22 қыркүйектен    бері аталып өтіп  келеді. 

Конференцияға «Бірлік» студенттік ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ұйытқы болды.

Қоғамдық-ғылыми конференцияның жұмысы студенттер арасында көп тілділікті және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің ұстаздары, Павлодар мемлекеттік университетінің көптілді білім беру орталығының мамандары,  Қазақстан журналистер одағының мүшелері іс-шараның құрметті қонақтары ретінде қатысты.

Облыстық ҚХА мүшесі, татар-башқұрт бөлімінің оқытушысы  Роза Серасшетдинова өз сөзінде әр ұлт өкілі қай елде тұрса да ана тілін білуі қажет екенін,, осындай іс-шаралар мәдени және тілдік әр алуандылықтың дамуына ықпал ететінін айтты.

Мұнымен қоса, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филологтары, тарихшылары мен журналистері қазіргі уақытта шетел тілін игерудің маңыздылығы мен тілдердің даму тарихы  жөнінде танымды да қызықты баяндамалар жасады.

Конференция соңында қонақтар мәдениаралық коммуникациялар мен лингвистикаға жөніндегі сирек кітаптардан тұратын   кітапхана қорының көрмесімен танысты. 

Кейін қарай