![](/upload/iblock/69c/69cb8cc8384d49b31564e3e26699216b.jpeg)
08 Ақпан, 2024
179
Университет ғылымын дамыту бойынша дөңгелек үстел
Ғылыми қоғамдастық өкілдері Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен дөңгелек үстелде университеттерде ғылыми зерттеулерді дамыту мәселесін талқылады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшелерімен кездесуі кезінде көтерілді.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ляззат Қалтаева, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Зарема Шаукенова, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым департаментінің директоры Алма Закирова, ҚХА ҒСК төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Айгүл Сәдуақасова, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, сонымен қатар этносаралық қатынастар саласындағы жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларын іске асыратын өңірлік университеттердің «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының өкілдері қатысты.
ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймолдинов өз сөзінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығына Ассамблея қызметін қолдағаны және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз еткені үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, ол кафедра 20-дан астам зерттеуді жүзеге асырып жатқанын және этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу базасын жаңа тәжірибелермен, зерттеулермен толықтыратын этносаясаттанушыларды ұсынатын сарапшылардың бірегей қауымдастығын қалыптастырғанын атап өтті.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым департаментінің директоры Алма Закирова өзінің алғы сөзінде қазір мәдениетаралық коммуникацияларды дамытатын этносаралық қатынастар саласында ғылыми-қолданбалы зерттеуге сұраныс бар екенін атап өтті. Ол университет ғылымының контексттері мен қаржыландыруы да өзгергенін айтты.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, «ҚХА кафедраларының қауымдастығы» РҚБ төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі Наталья Калашникова дөңгелек үстел жұмысын модераторлық етіп, «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі этносаралық қатынастардың ерекшеліктері» ғылыми-зерттеу жобасының нәтижелерін таныстырды.
Сонымен қатар, ол жобаны іске асыру кезеңінде ғылыми-сараптамалық топтарда этносаралық қатынастар саласындағы зерттелетін мәселелер бойынша ғылыми дереккөздерге талдамалық шолу жасалғанын және таныстырылғанын атап өтті.
Іс-шара барысында Қазақстандағы ұлт құрылысының ғылыми-әдіснамалық негіздері, тарихи жадыны зерттеу, этникалық топтарды зерттеу және жалпы азаматтық бірегейлікті нығайту саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Шымкентте «Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды ұйыстырады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Бейбітшілік және келісім керуені: Астана қаласында тақырыптық дөңгелек үстел өтті
-
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Қызылордада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
-
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті
17 Шілде, 11:27
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
17 Шілде, 11:09
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
17 Шілде, 11:32
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
17 Шілде, 17:23
Ұлытау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің кезекті қоғамдық қабылдау өтті
17 Шілде, 11:36
Теміртау қ. «Qarmet» АҚ ғимаратында орналасқан этномәдени бірлестіктердің Ашық есік күні өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Шымкентте «Жалпыұлттық құндылықтар – қоғамды ұйыстырады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Бейбітшілік және келісім керуені: Астана қаласында тақырыптық дөңгелек үстел өтті
-
Астана қ. Достық үйінде ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Қызылордада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
-
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау бойынша дөңгелек үстел өтті