Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қазан, 2020

854

Қызылордада қарттарға құрмет көрсетілді

Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева және ономастика бөлімінің бас маманы Алтынкүл Әбжалиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда елеулі еңбек етіп жүрген Ержан Үбәйдәұлын құттықтап келді.

Ұлттық құндылықты ұрпаққа ұялатқан ардақты ағамыздың иығына шапан жауып, аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хаты мен игі тілегін жеткізді.


Өз кезегінде Ержан Уайс: «Біз аға ұрпақтың өкіліміз. Басшылыққа қолдау көрсетіп сүйеніш болу, жастарға ақылшы болып жол сілтеу біздің парызымыз. Қазіргі қиын қыстау кезеңде бізге бірлік қажет. Сол бірліктің арқасында барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз. Бүгінгі көрсетілген құрмет мен үшін үлкен мәртебе. Әрбір адамның жүрегінде үлкенге деген кішіпейілділік мол болса, мемлекетіміздің әл-ауқаты, халықтың рухани байлығы жоғарылай түсетіні сөзсіз, - деп өз ризашылығын білдірді.

Кейін қарай