Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2021

579

Қызылордада «Әке – өмір тірегі» фотожобасы қорытындыланды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастырумен «Әке – өмір тірегі» фотожобасы қорытындыланды.

Бір айға созылған жобаға қатысуға қызығушылық танытқандар қатары көп болды. Отбасылық құндылық, әкенің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатындағы жоба қорытынды кешінің алғы сөзі «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастековке берілді Фотожобаға облыстың барлық аудандары мен қаланың әртүрлі саласында жұмыс жасайтын әкелер атсалысты.

Бірінші орын Қазалы ауданының тұрғыны Қанат Нұрлан мен Жалағаш ауданының тумасы Нұрболат Ахановқа бұйырды.

Сондай-ақ, жобаға қолдау білдірген облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева бес әкені арнайы номинациялармен марапаттады.


Кейін қарай