Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2021

253

Қызылордада «Серпінді серпіліс» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қызылорда қаласының Достық үйінде волонтерлар арасында «Серпінді серпіліс» интеллектуалдық сайысы өтті.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткен сайысқа 8 волонтер қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы сөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Төрт кезеңнен құралған тартысты сайыста волонтерлар өз білімдерін дәлелдеп, белсенділік танытты. Әділ-қазылардың шешіміне сәйкес бірінші жүлделі орынды Байсейтова Раушан, екінші орынды Ибрагим Дильназ, үшінші орынды Әбдісейітова Әнел жеңіп алды. Барлық қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлының атынан алғыс хаттар беріліп, жеңімпаздарға диплом және сыйлықтар табысталды.


Кейін қарай