Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Мамыр, 2021

5262

Қызылордада славян әліппесінің тарихына шолу жасалды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қызылорда қаласының Достық үйінің мәжіліс залында Славяне жазуы мен мәдени күні аталып өтті. Оған облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Халилуллаев, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, этномәдени бірлестіктің жетекшілері, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.


Айта кету керек, славян әліппесінің пайда болғанына мың жылдан асты. X ғасырда ағайынды Кирилл мен Мефодий құрған әліппе бүгінде көп халыққа қызмет етіп келеді. Олар ойлап тапқан әліппе ағартушы Кирилл құрметіне «кириллица» деп аталған болатын.

Шарада алғы сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Халилуллаев, бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті.


Сондай-ақ, славяне әліппесінің құрылу тарихы жайлы айтылып, бірлестіктің белсенді жастары әзірлеген көрініс қойылды. Өлеңдер оқылып, ән шырқалды, қызықты деректерге толы бейнероликтер көрсетілді. Келген қонақтар арасында викторина жүргізіліп, бірнеше сұрақтар қойылды. Қатысушылар әрбір қойылған сұраққа белсенді түрде жауап берді.

Славяне жазуы мен мәдени күні соңында «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова оқушылар мен ұстаздарға Грамота табыстады.


Кейін қарай