20 Қаңтар, 2017
992
Әзербайжандар «Қаралы қантар» құрбандарын еске алды.
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Новруз» әзербайжан этномәдени бірлестігі 1990 жылдың 20 қаңтары күні Бакуде болған оқиғаларға қатысты Әзербайжандағы Бүкілхалықтық аза тұту күніне арналған іс-шара өткізді.
Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина және этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері қатысты.
Осыдан жиырма жеті жыл бұрын кеңестік мемлекеттің әскери машинасы Бакуде ұлттық еркіндік пен өз елінің аумақтық тұтастығы үшін жиналған бейбіт халықты қатігездікпен басып, көптеген адамның өліміне себепші болған. Алайда ол әзірбайжан халқының ерік-жігерін, өз тәуелсіздігіне деген ұмтылысын тоқтата алмады. Бұл оқиғалар Әзербайжан тарихына «Қаралы қантар» деген атаумен енді.
1990 жылдың 20 қантарында ерлікпен қаза тапқан әзербайжандардың атына Баку қаласының Таулы саябағында Батырлар аллеясы құрылды. Бұл күн Әзірбайжанда тоталитарлық тәртіптің құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Жыл сайын ел астанасының мыңдаған тұрғындары осы оқиғалардың құрбандарын еске алып мемориалға гүл шоқтарын қоюға келеді.
Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы З.Зубариев өз сөздерінде қаңтардағы қантөгіс ортақ қайғы екенін атап өтті.
1990 жылы Бакуде болған «қаралы қаңтар» трагедиясы 1986 жылы Алматыда, 1989 жылы Тбилисиде болған қанды оқиғалардың жалғасы болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады