Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Шілде, 2022

555

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Казақстан халқы ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында №15, №27, №6 балабақшаларында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойын алаңы өтті.

Балабақша шаңырағында ұлты өзге балалар оқып-үйреніп, тәрбиеленуде. Бүлдіршіндердің қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен шарада белсенді демалыспен қоса мемлекеттік тілді түрлі ойындар арқылы үйрету көзделді.


Мәселен, «Сақина тастау» ойыны тез қимылдап, жедел шешім қабылдауға, ойда сақтау қабілетін дамытуға дағдыландырады. Бұл ойында жеңілген ойыншыға салт-дәстүрімізге байланысты сұрақтар қойылды. Одан бөлек, балалар шарада домбыра, қамшы, киіз үй, бауырсақ, камзол, бесік секілді ұлттық құндылықтарымыз бейнеленген «Қызықты текше» лақтырып, «Тақия тастамақ» ойыны арқылы қазақтың ұлттық бас киімімен танысты, «Мақал-мәтелдің жалғасын тап», «Арқан тартыс», «Теңге алу» және викториналық ойындар ойнады, ән айтып, өлең шумақтарын жатқа айтты.

Тіл – халықтың қазынасы. Мемлекеттік тілді білу әр адамның міндеті. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - дегендей, мұндай шаралар балалардың мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді жетік білуіне зор үлесін қоспақ.


Кейін қарай