09 Қаңтар, 2017
842
«Жаңа әдеп ережелерін енгізу» тақырыбында өткен кездесу
Жамбыл облысында медиаторлар құқық қорғау және өзге де құзыретті органдардың өкілдерімен кездесті. Кездесудің тақырыбы «Жаңа әдеп ережелерін енгізу».
«Бітімгер» медиация және құқық орталығының басшысы, Жамбыл облыстық ҚХА медиаторлар Кеңесінің төрайымы Лариса Сафонова өз сөзінде облыс бойынша 63 медиатор жұмыс істейді және оның көпшілігі тегін қызмет көрсететін әлеуметтік медиаторлар екенін айтып өтті. Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтар айынан бастап жаңа азаматтық іс жүргізу кодексі қайта өңделгеннің нәтижесінде медиация заңына қайшы келетін «соттық медиация» түсінігі пайда болғанын да айтты.
Облысымызда осы сала бойынша қызмет көрсететін орталықтар бірте-бірте көбейіп келеді. Олардың қатарында: ЖҚҰ «БАҚ қызметкерлерінің ассоцияциясы» жанындағы «Бітімгер» медиация және құқық орталығы, аудандардағы медиация орталықтары және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ашылған «Бітімгер» медиация орталығы. Қазіргі уақытта олар жоғарыда айтылған заңға байланысты белсенді жұмыс жоспары атқарылып жатыр.
Кездесу барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктерінің жұмыстарына медиация институтын енгізу», «Тұтынушылардың дауы кезіндегі «Медиация заңын» қолдану», «Сот алдындағы шиеленіс - мәселе мен сұрақтарды реттеу» мәселелері де қаралды.
Кездесу соңында медиатордың әдеп кодексі таныстырылды. Жамбыл облыстық Азамат альянсының Президенті Заир Юлдашев өз сөзінде : «Медиация – жай ғана ұғым емес, ол қажеттілік. Медиация қоғамдастығы – өздігінен реттелетін ұйым, тек медиатордың әдеп кодексіне ғана емес, сондай-ақ сапалы білім беруге де жауапты. Біздің қауымдастықта сауатты, мамандырылған және арнайы аккредитацияланған медиаторлар болуы керек. Сонымен қатар бұл құжаттың қабылдануы маңызды екенін атап өткім келеді. Бұл Елбасымыздың 2050 Стратегиясындағы 7 нақты бағыттың жүзеге асуына қосылған лайықты үлес. Осы жерде біздің қоғамдық ұйымымызға, сондай-ақ азаматтық қоғамдағы медиация қауымдастығына құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қолдауы қажет», - деді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті