Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2023

127

Жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті

Бүгін, 6 желтоқсанда, Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, өлкетанушы, Атырау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Өтепберген Әлімгереевтің «Дарабоз дабысы», «Қызыл кітап» еңбектері таныстырылып, қос кітаптың тұсаукесері өтті. Оған өңірдегі қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, еңбек ардагерлері, ақын-жазушылар мен журналистер қатысты.

Өлке тарихын зерттеп-зерделеп жүрген кітаптар авторы – Ө. Әлімгереевтің тарихи деректерге сүйене отырып жазған біртуар тұлғалардың өмірі мен еңбек жолы туралы жаңа туындыларын оқырмандарға насихаттау – бүгінгі іс-шараның мақсаты,-деді айтулы кітапхана басшысы С.Измұханбетова салтанатты жзиында сөйлеген сөзінде. Одан әрі кітапхана қорын қашанда жаңа кітаптармен толықтыруға үлес қосатын автордың шығармашылығы туралы кеңінен баяндады.


Кітаптардың тұсаукесер рәсімінен соң қатысушы қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, жаңа кітаптар туралы өз ойларын ортаға салды. Арнайы дайындалған бейнематериал да шараның мазмұнын аша түсті.

Айта кетейік, Ө. Әлімгереевтің «Қызыл кітап» атты еңбегінде ұмыт бола бастаған этнографиялық құндылықтармен қатар тарихи тұлғалар және олардың отбасы жайлы ой қозғаса, «Дарабоз дабысы» кітабында ұлы күйші Құрманғазының сазгерлігі және халық аузындағы ақындығы мен батырлығы баяндалған.

Кейін қарай