17 Қаңтар, 2023
25
Жақсы тәрбие – үлгілі ұрпақ негізі
17 қаңтарда Тараз қаласында ҚР Премьер-Министрінің Әйелдер ісі жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Ыдырысқызы Шанаи өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің өкілдерімен кездесті.
Отбасы құндылықтарын сақтауға, жас аналардың рухани дамуына негізделген «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, жастардың бойында патриоттық сезімді арттыруға, қоғамды ортақ мақсаттар үшін біріктіруге бағытталған. Кездесуге, сондай-ақ, Жамбыл облысының әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да қатысты.
Жиын барысында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббатхон Миражапова аталмыш ұйымның жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқтала отырып, қазіргі таңда бұл облыста 36 аналар кеңесі жұмыс жасайтынын айтып өтті. «Кеңес мүшелерінің жалпы саны 546 адамды құрайды. Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 6800 адамның қамтылуымен 86 іс-шараны жүзеге асырды», - деді ол.
Өз кезегінде Нәзипа Ыдырысқызы жастар арасында жиі кезігетін мәселелерге тоқталды. Мәселен, қазіргі жасөспірімдер жолдарында кезігетін қиындықтарға өз беттерінше төтеп бере алмайтындығын алға тартты. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аналардың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын айта келе, «белең алып жатқан отбасылық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында тиісті шаралар атқарылуы қажет» деді.
ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Орынбасарқызы өз сөзінде кәмелетке толмағандар арасында тарап кеткен «дәріханалық есірткі» жайлы ақпарат бере отырып, дәріханаларда дәрігердің нұсқауынсыз жасөспірімдерге дәрі ұсынбау жөнінде меморандум құрылуына байланысты бірқатар жұмыстар атқаратындықтарын және аналарға балаларының қауіпсіздігіне мән беру керектігін ерекше атап өтті.
Іс-шара соңында қонақтар «Ұлы дала қазынасы» жобасының аясында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығындағы шеберлер клубы ұйымдастырған киіз басу бойынша мастер классқа қатысып, қолөнер туындыларымен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі»
-
Түркістанда «Иманды қыз, аяулы ана» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
-
Жанды жадыратар жақсылық жаса
-
Қызылордада Аналар кеңесі үлгілі отбасылармен жылы кездесу ұйымдастырды
-
Алғыс айту күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайды...» атты республикалық синхрон-видео дәрісі өтті
-
С.Кенжебаева: «Balapan»-ның бала тәрбиесіндегі орны орасан
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі»
-
Түркістанда «Иманды қыз, аяулы ана» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
-
Жанды жадыратар жақсылық жаса
-
Қызылордада Аналар кеңесі үлгілі отбасылармен жылы кездесу ұйымдастырды
-
Алғыс айту күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайды...» атты республикалық синхрон-видео дәрісі өтті
-
С.Кенжебаева: «Balapan»-ның бала тәрбиесіндегі орны орасан