Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2021

391

Жамбылда «Ахыска» түрік ЭМБ өкілдері 120 оқушыға тәттілер таратты

ҚХА Аналар кеңесінің республикалық акциясы аясында Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі Байзақ ауданы Бурыл орта мектебінде 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырды.


Мерекелік шара барысында ҚХА меценаты, Байзақ аудандық түріктер этномәдени бірлестігінің өкілі Жалил Аббасов 120 оқушыға тәттілер, сусындар және балмұздақтар таратты.


– Балаларды қорғау күніне жылдағы дәстүр бойынша сәбилерге тосынсый жасап, жақсы көңіл-күй сыйлауды мақсат еттім. Әр қайырымдылықтың өзіндік орны бар. Дегенмен де, бала бақытынан артық ешнәрсе жоқ, - дейді аудандық түріктер орталығының төрағасы Ж.Аббосов.


Кейін қарай