Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Желтоқсан, 2015

868

Жастарды ұйыстырған «Мың бала»

Жастарды ұйыстырған «Мың бала»

Раджапова Наргиз («Мың бала» жобасының «Шешендік өнер» бағыты бойынша қатысушысы, Алматы қаласы).

 Ұлты  - түрік

  • Қазақстан Республикасының әр азаматы қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді білу керек. Еліміздің әр азаматы қазақ тілін білсе біздің мемлекеттің мәртебесі одан әрі өседі.  Біз қазақ тілін білу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тіршілігі мен тарихын білеміз.  Елімізде 130 –дан астам ұлт өкілдері тұрады. Біз бір үйдің баласындай бір шаңырақтың астында өмір сүреміз. Себебі біз бірлігі  жарасқан халықпыз. Менің ұлтым қазақ болмаса да, жүрегім  қазақ деп соғады. Мен - өз елімнің патриотымын . Сол себепті мен өзім жолымда кезіккен әр адамға қазақ тілін білуге көмек көрсетемін деп уеде бердім.

Азизова Азиза («Мың бала» жобасының «Кемеңгер» бағыты бойынша қатысушысы, Атырау облысы).

Ұлты – әзірбайжан

  • Мен қазақ жерінде дүниеге келдім, мен - қазақ елінің баласымын. Қазақ тілін білу – менің міндетім. Мен қазақ тілін алты жасымнан бастап үйрендім. Мектептегі алғашқы қадамдарымнан бастап мен қазақ тілі бойынша бірнеше жарыстарға қатысып, жүлдегер атандым. Қазақ тілін білгендіктен бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» жобасына да қатысып отырмын. Мен үшін бұл - әлемдегі ең әдемі тілдердің бірі. Қазақ тілінде жазылған шығармалар мен өлеңдерді оқып, қазақ тілінде ән айтудан мен ләззат аламын. Болашақта қазақ тілі мұғалімі болсам деп армандаймын. Алға қойған мақсатым үйдегі кіші іні-сіңілеріме қазақ тілін үйрету.

Шмелькова Кристина («Мың бала» жобасының «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» бағыты бойынша қатысушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы).

Ұлты – орыс

  • Біз -мәңгілік елдің жастарымыз. «Мәңгілік ел» сөзінің  мағынасы зор. Менің ойымша бұл  бірлігі мен тірлігі жарасқан, тәуелсіз, болашағы жарқын ел дегенді білдіреді. Біздің еліміз тәуелсіздік жылдарында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ол біріншіден Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы деп білемін.. Оның еңбекқорлығына таң қаламын. Өз еңбек жолында ол кісі қарапайым металлургтан ҚР Президентіне дейін өсті. Мен Президентіммен мақтанамын және оны үлгі тұтамын.

Кейін қарай