01 Тамыз, 2016
1074
«Жазда демаламыз, бірақ кітап оқуды ұмытпаймыз!»
Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар орталығының өкілдері және «Алау» балаларды сауықтыру орталығының тәрбиеленушілері арасында «Жазда демаламыз, бірақ кітап оқуды ұмытпаймыз!» атты жазғы кітап оқу іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, сондай-ақ, «Мың бала» жобасы аясында өтуде.
Іс-шара басында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады. Біздің Республикамыздың тарихымен одан да тереңірек танысу үшін шамамен 50-ден астам лагерь тәрбиенушілері және 10-нан астам «Жас қанат» волонтерлері қатысты.
Кітапханашы Досқалиева Әсия Нұтанқызы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» көрме орталығының тұсаукесерін жүргізді, сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның қарқынды, динамикалық даму кезеңдері туралы, жас егемен республиканың қалыптасу тарихы туралы және соңғы 25 жыл бойғы дамуы туралы әңгімеледі. Жастарды облыстық кітапханаға жиі келуге шақырды.
Іс-шара соңында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері балалар мен жастар арасында «сұрақ-жауап» викторинасын өткізді. Дұрыс жауап берген қатысушыларға ҚХА және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық логотиптері бейнеленген бас киімдер мен футболкалар, сыйлықтар ұсынылды.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Алтын кітап» баспасының бас редакторы Вячеслав Титенёвпен кездесуі өтті
-
Жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті
-
Маңғыстауда халықаралық кітап күнін атап өтті
-
Көкшетауда ҚХА мүшелері балаларға мереке аясында кітап сыйлады
-
Петропавлда отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті