Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қазан, 2020

2068

Жазушы Ахметжан Аширидің "Ұйғыр-Орхон Қағанаты" романы жарық көрді

Көрнекті жазушы-драматург Ахметжан Аширидің "Ұйғыр-Орхон Қағанаты" романында "Он ұйғыр", "Тоғыз оғұз" қандас, бауырлас түркі тайпаларын қиын-қыстау шақтарда үлкен машақатпен зорға дегенде олардың басын қосқаны сөз болады.


Ұйғыр-Орхан Қағанатын құрған атақты қағандар Томит, Көлбойла Моюнчур және ежелгі Ұйғыр-Орхон жазуын тапқырлаған дана-дәнішпан Қаған, ғалым-жазушы Богуханның әдеби көркем образы ашылады. Ежелгі бабаларымыздың ерлік дастандарын, өмірі мен өнегелерін, ғұрп-әдеттерін тереңінен қаузап жазады. Салт-жоралғыларын, басып өткен батырлық жолдарын тарихи бұлақ көздері негізінде, нақты жазба деректерден алып кең ауқымда суреттейді.

Роман осы жылы Алматы қаласында "Printexpress" баспасында басылды.

Кейін қарай