Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Шілде, 2015

911

Жеті жұртқа пана болған Сарыарқа

Жұма, 10 шілде күні облыстық мемлекеттік мұрағат ғимаратында шешен-ингуш халқының Қарағанды облысына күшпен жер аударылу тарихына арналған кітаптың тұсаукесері болды.

Жұма, 10 шілде күні облыстық мемлекеттік мұрағат ғимаратында шешен-ингуш халқының Қарағанды облысына күшпен жер аударылу тарихына арналған кітаптың тұсаукесері болды.

«Нас породнила Сарыарка» деп аталатын бұл кітапты шығаруға облыстық мұрағат, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі,  шешен-ингуш диаспорасының өкілдері қатысқан. Көптеген мұрағат құжаттарынан, депортаңияға ұшырған чешендердің естелігінен тұратып бұл кітап Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр.

Депортацияға  ұшыраған көптеген ұлттар өкілдері Қарағанды жеріне айдалып әкелінгені тарихтан белгілі. Сарыарқаға күшпен жер аударылған халықтардың ішінде шешендер мен ингуштар да болғын. Облыстық мұрағаттың мәліметі бойынша 1949 жылы Қарағанды облысының аймағында 39 990 отбасы, немесе 117 043 арнайы жер аударылғандар болған. НКВД-нің 1944 жылғы 21 ақпандағы бұйрығына сәйкес бір аптаның ішінде Қазақстанға 124 эшелонмен 344 584 шешен мен ингуш күштеп жер аударылған. Олардың ішінде еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін болған. Көп адам жолда аурудан, аштықтан өлген. Мұздай қаруланған әскерге қарсылық көрсеткен таудағы ауылдарды отқа жағып, адамдарын қырып салған. Қарулы солдаттардың қуалап эшелондарға тыққандары негізінен қариялар, әйелдер, балалар болған. Себебі қару ұстауға жарайтын шешен-ингуш азаматттары майданда фашистерге қарсы ерлікпен соғысып жатқан болатын. Бұл да болса бұрынғы кеңестік тоталитарлық жүйенің бір қайғылы тарихының көрінісі.

Ал сол депортация кезінде Қарағанды жеріне 38 мың чешен-ингуш келген екен. Олардың біразы шахталар мен заводтарда жұмыс  істеген. Көпшілігі колхоздарда еңбек еткен. Осы тау халқының ұрпақтарының аман қалуына жергілікті жердегі қазақтар үлкен көмек көрсеткен. Өздері тамаққа жарымай отырса да қазақтар сырттан арып-ашып келгендерге бір үзім нанын, бір уыс құртын беріп, бөліскен. Сол қайырымды адамдардың арқасында көптеген шешен-ингуш отбасы аман қалып, осы күнге жетті. Сол заманда бала болып, бүгінде қария жасына жеткен шешен ақсақалдарының естеліктері аталмыш «Бізді туыс еткен Сарыарқа» кітабында көптеп жазылғын. Қиын кезеңді еске түсіретін көптеген фотосуреттер чешен қарияларының жеке альбомдарынан алып, кітапқа жарияланған. Тарихи отбасылық фотокұжаттарды тірнектеп жинаған «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының белсенді мүшелері қыруар еңбек сіңірген.

Кітаптың тұсаукесері бұрынғы КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау кезінен бейнесюжеттер көрсетуден басталды. Бірінші болып сөз алған облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Рапиқов жиналғандардың назарын осындай маңызды оқиғаға аудара отырып, былай деді:

  • Бұл кітап Қазақстанға 4 млн. адам күшпен жер аударылған жылдардағы бір халықтың басынан кешкен оқиғаларды баяндайды. Осы кітапты жарыққа шығаруға күш салған өз жерлестеріміздің еңбегін атап өткім келеді. Бұл кітаптің бүгінгі жас ұрпаққа да пайдасы болары анық. Себебі, өзінің өткенін білмеген халықтың болашағы да жоқ. Ал Қарағанды жеріне тағдырдың жазуымен келген барлық этностар қазақ халқының қайрымдылығының арқасында аман қалғанына осы кітаптағы естеліктер куә. Бүгінде біз - тәуелсіз Қазақстанның халқымыз. Жарыққа шыққан жаңа кітап бүкіл қазақстандықтардың мызғымас достығын, жүзі басқа болса да жүрегі бір халық болғандығымыздың дәлелі.

Жиналған жұрттың алдында белгілі журналист, еңбек ардагері Екатерина Кузнецова сөз сөйледі. Ол депортацияға ұшыраған халықтардың тарихы туралы айта келіп, өзінің көп жыл бойы осы тақырыпқа қалам тербеп келе жатқанын баяндады. Бірнеше кітап шығарғын. Осы журналистік еңбек барысында сол жылдардың көптеген куәгерлерімең әңгімелесіп, трагедиялық оқиғалар жайлы көп дерек жинаған. Бұдан кейін осы шараға қатысушылар сөз сөйледі. Атап айтқанда, еврей этномәдени орталығының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі ақсақалдар мүшесі Хамзан Мустапаев пен Магомед Султыков жақсы тілектерін білдірді. Жаңа кітаптарға байланған қызыл лентаны қию құрметі облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Рапиков пен «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері, еңбек ардагері Имран Газимовқа тиді.

Кітаптың тұсаукесерінде қорытынды сөзді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев алып, бұл кітаптың Қазақстан халқы Ассамблеясының жылында шығуы кездейсоқтық емес екенін атап айтты.

  • Себебі, бұл кітап та сол бір қиын-қыстау жылдары қазақтардың шешен мен ингуштарға көрсеткен көмегіне арналған, - деді ол сөзін жалғастырып. – Біздер бүгін Қазақстан халқының бір бөлшегіміз, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың саясатын қолдаймыз. Біз бір үлкен отбасы, бір ел екенімізді әрдайым есте ұстаймыз. Осы кітапты шығаруға қыруар үлес қосқан облыстық мұрағаттың қызметкерлеріне, біздің халықтың тарихын жазуға қатысқын жергілікті журналистерге, кітапты шығаруға моральдық және материалдық көмек бергендерге рахмет, - дей келіп, ол алғыс хаттар табыстады.

Осы іс-шара аясында «Қазақстан - біздің Отанымыз» атты фотоқұжаттар көрмесі болды. Жиналғандар естелік фотосуретке түсіп, аймақтағы этнос өкілдеріның тату-тәтту өмір сүріп жатқанын тағы бір дәлелдеді.

                                                                                                                 

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі

Кейін қарай