Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Маусым, 2023

410

Жетісу облысында ҚХА Этномәдени бірлестіктеріне арналған Тіл мектебі өз жұмысын бастады

2023-жылдың 26-маусым күні Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Этномәдени бірлестіктеріне арналған Тіл мектебі өз жұмысын бастады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жаздық лагерге биыл ел аумағынан 65 қатысушы жиналды.

Тіл мектебінің басты мақсаты – өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қатысушыларды тіл үйренудің жаңа әрі қызықты әдістерімен таныстыру.

Тіл мектебі 26-30 маусым аралығында өтеді. Алғашқы күні қатысушыларға ҚХА мүшесі, жүргізуші Ольга Спирина қазақ тілінде интерактивті сабақ берді. Тіл мектебінің екінші күні қатысушылар тіл білу деңгейіне байланысты топтарға бөлініп, оқуды бастады. Тіл меңгеру сабақтары жұптық, топтық тапсырмалардан бөлек, қызықты ойындар, викториналар және әртүрлі ойын-сауық бағдарламаларынан құралған.

Мектеп лагері аясында 5 күн бойы қатысушылар қызықты спикерлермен жүздесіп, тіл үйренудің жаңа әдістерін меңгермек.



Кейін қарай