Қазақстан халқы Ассамблеясы

1057

Флюра Миликеева: Бұл Жолдау – Қазақстанның одан әрі гүлденуінің жарқын бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғашқы Жолдауы – тарихи құжат.

Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы – жаңа заманға лайықты оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар екенін «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері де жақсы түсінеді.

Қазақстанның әрбір азаматы бай, экономикалық тұрғыдан күшті, гүлденген елде өмір сүргісі келеді. Тек достық пен келісім салтанат құрған мемлекетте ғана осылай болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі қазақстандық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосады.

Президенттің әр тұжырымы, әрбір тапсырмасы біздің көкейімізден шықты. Бұл Жолдау – Қазақстанның одан әрі гүлденуінің, ел тұрмысын жақсарта түсудің айқын да жарқын бағдарламасы. Ендігі міндет – Президент алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру.

«Халқы тату-тәтті, саясаты салиқалы елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады» демекші, Қазақстан – біздің жалғыз Отанымыз. Оның әрбір жетістігі үшін барлығымыз бір кісідей қуанатынымыз анық.

Флюра Миликеева,

БҚО Татар мәдени

орталығының төрайымы

Кейін қарай