Қазақстан халқы Ассамблеясы

2284

Қостанайлықтар: Жолдаудағы әрбір тармақ –қарқынды дамуға бағытталған тарихи іргетас

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жылсайынғы кезекті Жолдауында,ы медициналық қызмет сапасын, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру, қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануы тиіс деген сөздері нақты әрі ұтымды шықты.

Өркениет көшінен қалмай, озық елдердің отыздығына енуге ұмтылған өршіл жоспарлы мақсатқа құрылған бағдарламалар үшін мемлекет қазынадан қыруар қаржы бөліп отырғанда, аталған салалар ғана емес, тұтас құрылым жұмыстарын жаңа арнаға, ХХІ ғасыр талаптарына сай үйлестіріп ұлттық салт-сана, дәстүрлеріміздің заманына ылайық үлгілерімен кіргенде, қойған биік арманды межемізді алуға тиіспіз.

Әсіресе, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық  көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет делінуі, ауылдықтарды желпінтіп өтті. Ал 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшеді. Бұл арада осы кезге дейінгі дайындық өз нәтижесін берсе, 2020 жылға қарай кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруда мүмкіндіктер артпақшы.

Сонымен бірге, мектептердегі спорт ғимараттарын  тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, саябақтарды жабдықтау қажеттігін еске салды.

Бүгінде халықты сапасыз әрі денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жоқ, деп дөп атап көрсетті Елбасы.

Осы орайда тағы бір жаңалық: келесі жылдан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын бастамақшы. Олар: азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына, медициналық қызмет көрсетуге сараптама жүргізуді қамтитын болады.

Бәрімізге белгілі, осы жылдар ішінде бизнеске қашанда көмек көрсетіліп, әкімшілік кедергілер азайтылды, тексерістер, рұқсат беру т.б. рәсімдер қысқарды. Сондықтан ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі үшін бизнес қоғамдастығы да жауап береді, бизнес пайда табуды ғана емес, мемлекетпен бірлесіп азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек, деді Елбасы. Айтқандары көптің ойын, көкейіндегісін дәл тапқан тұсы болды.

Ғабит Сундетбаев,

«Нұр Отан» партиясы

Қостанай облысы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысы пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Жолдауы халықтың үміт отын үрлеп өтті.

Мемлекет басшысы ең аз жалақы мөлшерін 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтуды тапсыруы, яғни ең аз жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға өсіру адамды бір серпілтіп тастады

Сондай-ақ Елбасы Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 5 жылға созуға тапсырды. «2010 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыраға бастағанбыз. Өңірлерге сапарым барысында аталған бағдарламаның тиімді екеніне көзім жетті. Оны 2025 жылға дейін созу керек. Бағдараламаны жүзеге асыруға қосымша жылына 30 млрд теңге бөлу қажет», – деді Елбасы. Бұл дегеніңіз халықты өз-өзін жұмыспен қамтуға жұмылдыру, қарапайым ауыл тұрғынын бизнеске шақыру деген сөз.

Қоғамда өз мәртебесін ала алмай келе жатқан ұстаздар қауымы да Жолдаудан тысқара қалмады. Елбасы келесі жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылдансын, деп тапсырды.

Елбасы айтқан барлық бастама адами ресурсқа, қоғамға, азаматтардың әл-ауқатына бағытталған. Елбасы Жолдауында айтылған әрбір тармақ – егемен Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталған тарихи іргетас.

Айбатыр Ахметбеков,

Таран аудандық

мәслихаттың депутаты

Мемлекет басшысының Жолдауы қазіргі таңда белсенді талқылануда. Өз кезегімде ортақ іске үлес қосқанымды жөн санап отырмын. Себебі, Жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысы бар, себебі Жолдау – мемлекеттің тағдыры. Бұл құжатта ата-ана ретінде, балалар қауіпсіздігінің маңыздылығының ескерлуі, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен жабдықталуы қажет деген тұстары қатты толғандырды. Жұмыс тәжірибемді ұстаздықтан бастаған соң, «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі өте қуанты. Қазіргі уақытта Ұстаздардың мәртебесе жоғары деңгейде көтерілуі болашақ ұрпақтың білімді болуына бірден бір кепіл болмақ! 

Жандос Рахметов,

«Нұр Отан» партиясы

Кейін қарай