Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қазан, 2017

3298

"Қамқорлық" қайырымдылық акциясы

2017 жылдың 25 қазан күні «Continental Gold» мейрамханасында Қазан айы «Қайырымдылық айы» акциясы аясында, Қазақстан Республикасының күрділерінің «Барбанг» Қауымдастығы Атырау облысы филиалының төрағасы А.Сеидовтің ұйымдастыруымен қайырымдылық ас беру дастарханы жайылды.

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік.

Осындай кең пейілді жүрекпен Қазақстан Республикасының күрділерінің «Барбанг» Қауымдастығы Атырау облысы филиалының төрағасы А.Сеидов аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, облыстық ақсақалдарға арнап, қайырымдылық асын берді.

«Акция мақсаты – жағдайы төмен жандарға қолдан келгенше аянбай көмек көрсету. Біз жыл сайын дәстүрлі түрде осындай қайырымдылық шарасын жасап тұрамыз. Мұндағы мақсатымыз тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж жандарға көмектесу. Менің ойымша қайырымды іс әр адамның жасайтын азаматтық парызы. Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды»,- дейді этномәдени бірлестік төрағасы А.Сейдов.

Ақ дастархан басында ҚР мұсылман діни басқармасының өкілі, Иманғали орталық мешітінің бас имамы Б.Мансуров құран оқып, жайып жатырған ақ дастарханның иесі А.Сеидов мырзаға өзінің ақ тілегін жаудырды және аз қамтылған отбасыларға азық -түлік қоржынын табыстады.

Және де айта кететін жәйт-келген барша қонақтар дастархан басында арнап сойылған ірі-қараның басын ақсақалдарға ұсынып, қазақ салты бойынша пісірілген шелпектер таратылды.

Дастархан соңында үлкендер ұйымдастырушыларға Алланың разышылығына бөліне беріңіздер деп бата айтса, жастарымызда өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдіуден де қалыс қалмады.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Дата события ассамблеи: 26.10.2017

Кейін қарай