27 Маусым, 2017
854
«Ұлы дала рухы» этнофестивалі
2017 жылдың 24 маусымында Алатаудың етегінде «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы» – «Дух великой степи» этномәдени фестивалі өтіп, оған Әзірбайжанның, Болгария мен Венгрияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Словакияның, АҚШ-тың, Түркияның өкілдері қатысты.
Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Байбек Б.Қ., Алматы қалалық «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Ж.Ш., қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Балғынбаев Н.А., Алматыдағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және тағы басқалар қатысты.
Этноауылға келгендер кәсіби бүркітшілердің, шабандоздар мен көкпаршылардың, садақшылардың, батырлардың шеберліктеріне тәнті болып, ұлттық ойындарға қатысып, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері дайындаған, ұлттық ас мәзірінен дәм татты. «Ұлы дала рухы» фестиваліне келгендердің барлығы қазақтардың және басқа да түркі халықтарының бай мұрасымен танысты.
Фестивальге келушілер екі күн ішінде көшпенділердің өміріне еніп, олардың ежелгі тұрмысымен, тарихи салт-дәстүрлерімен, әдет- ғұрыптарымен танысып, қазақтардың көне тұрмыс-тіршілігінен хабардар болды, ертедегі қолөнершілердің құпияларын біліп, шеберлік сыныптарында дәріс алып, кизібен, терімен, күміспен, сазбалшықпен жұмыс істеудің көне технологиясын меңгерді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
Қарағандыда «Дала рухы» этно-фольклорлық ансамблі ұлттық домбыра күніне Құрманғазының «Балбырауын» күйін тарту етті
-
"Ұлы дала мергені" атты жастар арасында садақ атудан турнир өтті
-
«ЕЛ БІРЛІГІ» ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРІ: ҚХА КӨПЭТНОСТЫ КОМАНДАЛАРЫ СЕНАТТА БАС ҚОСТЫ
-
Павлодарда Қазақстан халқы ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті