10 Тамыз, 2023
323
«Абай – ұлттың айнасы»
Осындай атаумен бүгін 10 тамызда Абай орталығындағы Абай ескерткіші алдында Атырау халқы ақынның 178 жылдығын атап өтті. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары М. Мурзиев, Атырау облысы ҚХА этномәдени бірлестік басшылары мен мүшелері, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
"Әр ұлттың біртуар перзенті – өз халқына қашанда мақтаныш. Ал, біздің мақтанышымыз Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол – қазақтың жан-дүниесінің тұңғиығына бойлаған дара тұлға. Себебі, Абайдың жолы – тек қазақ мәдениеті мен әдебиеті, ғылымында ғана емес, бар әлемге мұра. Қазіргі таңда оның еңбектері үлкен зерттеуге қойылғаны ақиқат. Оның еңбегі өлмейді, өшпейді",-деді М.Мурзиев атыраулықтарды Абай күнімен құттықтап.
Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры әртістерінің театрландырылған прологымен ашылған салтанатты шарада қатысушылар ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Абай рухына тағзым етті.
Сондай-ақ, тарихи тұлғалар шеруі өтіп, ақынның өлеңдері оқылды, әндері шырқалды. Мерекелік жиынға қатысушылар жергілікті суретшілердің сурет көрмесі мен Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесін және облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорындағы көне жәдігерлерді тамашалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қ. Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» тақырыбындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция бойынша конференция өтті
-
«Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция конференциясы
-
Абай күніне арналған «Абайды оқы, таңырқа!» атты әдеби сазды іс-шарасы өткізілді
-
«Ұлттық киім – ұлт айнасы» фоточелленджі бастау алды
-
Таразда әр ұлттың тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сыныбы ұйымдастырылды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды