Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Шілде, 2021

1552

Аналар кеңесі – ұлағат мектебі

Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы қоғамдық келісімді менжалпыұлттық ынтымақты нығайту мақсатында әр өңірден қоғамдық келісім кеңестерін құру тапсырмасын жүктеген еді. Қазақстанның әр облысындағы аналар топтары дербес атау алып Аналар кеңесі ретінде өз жұмыстарын жүргізе бастады. Осы уақыт ішінде Аналар кеңесі бірқатар жобаларды жүзеге асырып, ел бірлігін нығайтуға ерен еңбек сіңіріп келеді. Аssembly.kz сайты әр облыстағы Аналар кеңесінің төрайымдарының пікірін ұсынады.


Бейнеу ауданы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Айлашова Набия Аналар кеңесі қиын-қыстау кезеңде де өз жұмысын қарқынды жүргізгенін айтады:

- Биыл елiмiздiң Тәyелсiздiк алғанына 30 жыл толып отыp. Осы отыз жыл iшiнде елiмiз етек-жеңiн жиып, шекаpасын бекiтiп, өз алдына деpбес зайыpлы ел болды. Көптеген сынақ мен қиындықты басынан кешipген Қазақстан, бүгiнде аяғына нық тұpып, болашаққа үлкен сенiммен қаpайды.

Тәyелсiздiгiмiздi алғалы беpi елiмiзде бipшама маңызды жобалаp мен шаpалаp ұйымдастыpылып келедi. Олаpдың кейбip тұpмыстық мәселелеpдi шешy, тәpбиелеy мәселелеpiн талқылаy, ұлттық құндылықтаpды сақтаy бағытында жұмыс iстейдi. Осы бағытта бipқатаp маңызды шаpyалаpды iске асыpy үшiн Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Аналаp кеңесi құpылды.

Бүгiнде Аналаp кеңесi қазақстандық патpиотизмдi, толеpанттылықты және этносаpалық келiсiмдi, ұpпақтаp сабақтастығын, ұлттық дәстүpлеp мен отбасылық құндылықтаpды нығайтy және сақтаyға өзiндiк үлесiн қосып келедi. Шынымен де, үй мен түздiң тiзгiнiн тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүpiп, еңбектiң бел оpтасынан табылатын әйелдеpдiң тындыpымды iс-әpекеттеpi көпке үлгi болып отыp.

Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, ана сүтін ардақтап, ата салтын салмақтап өскен елміз. Осыған орай, біз өз ұжымымызбен қайырымдылықпен белсенді айналысып келеміз. Халқымздың басына қиын-қыстау шақ туғанда Іскер әйелдер қауымдасытығымен бірлесе көмекке мұқтаж, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға барынша қолдау көрсеттік.


Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Ж.Қалиева Ақтөбе облысында тоқсаннан аса ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын айтады:

- Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарихқа жүгінсек, тағдыр тауқыметін арқалап, сонау қиын-қыстау мезгілде, тайыз саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін бүгінгі күні қасиетті қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Тек Ақтөбе облысында 90-нан астам ұлт өкілдері тұрады. Қара шаңыраққа айналған «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының» «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында 17 этномәдени бірлестіктер «Бір шаңырақ астында» топталған, барлық ұлт өкілдерінің достығы жарасып, «ортақ бізге бір отан, ортақ жердің байлығы, еңбек ортақ, жыр ортақ, ортақ бізге барлығы» деп өмір кешуде. Бүгінде бір шаңырақ астында шешен, татар, башқұрт, әзірбайжан, өзбек, орыс, кәріс, украин, сыған, дағыстан, еврей, неміс, грек, болгар, армян, поляк, белорус, ұйғыр бір шаңырақтың астында татулық пен достықта бірлескен жұмыс жасауда. Сонымен қатар, бұл шаңырақ астында Қоғамдық келісім кеңесі, «Бірлік» Ақсақалдар кеңесі, толеранттық мәселелермен шұғылданатын Аналар кеңесі, медиация кабинеті, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, журналистер клубы қызмет атқарып келеді. Бұл құрылымдар жұртшылықпен тығыз жұмыс жүргіз. Бүгінде Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің жұмысы жастар арасында Қазақстандық патриотизімді, толеранттылықты, Қазақстан халқының азаматтық және рухани – мәдени бірегейлігін қалыптастыру және тәрбиелеу жөнінде жұмыстар жүргізуде және этномәдени бірлестіктермен этносаралық келісімді, толерантты қарым – қатынасты насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық дәсүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға арналған қызметі өте көп. Осы жылдар арасында этномәдени бірлестіктермен бірге көптеген іс-шаралар өткізілді, ол әртүрлі тақырыпты кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, семинарлар, мәдени-көпшілік , қоғамдық- саяси іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазіргі жеткіншек, болашақ елдің азаматы, сондықтан да мектеп, колледж оқушыларымен, студенттермен де тығыз жұмыс жүргізіліп келеді. Олар рухани – адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге, отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу жұмыстары болып табылады. Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл, бұл сан ғасырлар бойы ата-бабамызға арман болған Тәуелсіздік!

Әрқашан Тәуелсіздік тұғыры биік болып, бір шаңырақ астында топтасқан ұлт өкілдері тату өмір сүріп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!


БАҚ және ҚХА жанындағы Кеңестер қызметін іске асыру бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің жетекшісі Рауза Серғалина бір Ақтөбе облысының өзінде 153 Аналар кеңесі бар дейді:

- Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі қызмет барысында қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа, этносаралық келісімді сақтауға, ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға және сақтауға үлкен көңіл бөліп келеді. Ақтөбе облысы бойынша 153 Аналар кеңесінің 942 мүшесі бар. Кеңестер жанында әртүрлі тәрбиелік «Құрақ көрпе», «Анаға тағзым», «Қызым саған айтам...», «Әжелер ақ батасы», «Қыз бала мектебі», «Шолпы», «Сударушка», «Аялы алақан» сияқты клубтар, шығармашылық топтар жұмыс істейді. Бұның бәрі біздің ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыртылып, жас ұрпаққа ұлағатты тәрбие беретін өзіндік мектепке айналған салт-дәстүрлеріміздің мәнін түсіндіретін, қайырымдылықпен айналысатын топтар. Сонымен қатар, үлкендер үшін де, жастар үшін де «Қазақтану», «Халықтану» сияқты жобаларда іске асырылып жатыр.

Аналар кеңесі елімізде болып жатқан барлық жағымды жақсылықтарға, өзгерістерге, саяси-қоғамдық, мәдени-көпшілік жұмыстарға, өңіріміздің барлық тыныс-тіршілігіне белсене араласып келеді. Өз жұмысында отбасы институтын нығайтуды, отбасы құндылығын сақтауды, әр шаңырақтың қазынасы адамгершілік екендігін түсіндіріп, отбасының дәстүрлері мен адами ұстанымдарын, шежіресі мен тарихын паш етіп, күллі жұртшылыққа жеткізіп жүр. Ұрпақ тәрбиесінде отансүйгіштікті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды негізгі мақсат етіп алған. Өйткені, біз болашақ ұрпағымызды отбасынан, бала күнінен тәрбиелеуіміз керек екені сөзсіз. «Тәрбие негізі- отбасынан басталады» деген сөздің жаны бар. Сондықтан да адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты болашақ ұрпақ отбасынан алуы қажетсінеді. Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Қайырымды бол», «Үлкенді сыйла», «Қолыңнан келсе жақсылық жаса» деп тәрбиелеген. Дана халқымыз - «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген қанатты сөздері бізге өнеге. Сондықтан да, ата-аналар отбасында баланы халқымыздың салт-дәстүрімен тәрбиелеу көзделді. Жыл басынан бері Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен көптеген маңызды, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізілді, олар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы «Тәуелсіз елдің ару аналары» атты қоғамдық-саяси іс-шарасы, тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ бойына қазақстандық патриотизімді қалыптастыру, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту болды. Әлеуметтік жағдайы нашар және көпбалалы отбасыларға «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, бірнеше отбасына әлеуметтік қоржынтаратылды. ZOOM платформасында «Бір шаңырақ астында» кездесуі өткізіліп, толеранттылық, достық қарым-қатынас, қоғамдық келісім сияқты мәселелелер қарастырылды. Іс-шараға облыстың барлық аудандық Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі», «Қызға қырық үйден тыю», «Жердің көркі гүл, елдің көркі қыз», «Адамгершілік - ұлы байлық», «Сыйластықта болайық!» сияқты қыз баланың тәрбиесіне ықпал ететін мағыналы тақырыптардағы мәдени іс шаралар, жиындар, дөңгелек үстел, пікірталастар жүргізіліп отырады.

Аналар кеңесі қызмет барысында ата-аналарға ұлттық педагогика негізіндегі қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін насихаттай отырып, ұрпақ бойына қалыптастыратын адамгершілік, адалдық туралы жан-жақты мағлұмат беріп отырады. Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі болсын! Бүгінде аналар кеңесі – ұлағат мектебіне айналды!


Түркістан облысы Мақтаарал ауданы тәжік этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Р.Юлдашова Қазақстанның бірлігін сақтау әрбір этнос өкілі үшін маңызды дейді:

- Бейбітшілікті биік қоятын, ұлтаралық достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Тәуелсіз Қазақстанды мекен етіп келе жатқан этнос өкілдері татулықты сақтап, ел дамуы жолында маңызды рөл атқарып отыр. Ынтымақ пен бірліктің маңызын ұғынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жариялады. Сөйтіп 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, бүгінде Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Сонау жылдары Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Оның ішінде Аналар кеңесінің де жасап жатқан жұмысы жетерлік. Осы уақыт аралығында көптеген қайырымдылық акцияларын, қыз-келіншектерге арналған ұлағатты жобаларды жүзеге асырдық. Әрі қарай да осы қарқынмен жұмыс жасай бермекпіз.

Көптеген этностардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болып келеді. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жараса түссін.


Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Жанар Кенжеғалиева Ассамблея жанынан құрылған Аналар кеңесі – бұл жақсы ізгі ниеттерді іске асыруға негіз қалайтын ұйым дейді:

- Кеңестердің негізгі міндеті патриотизм және қазақстандық бірегейлікті сақтау болып табылады. Бүгінде Қарағанды облысы Аналар кеңесінің мүшелері қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Негізінен қоғамдық жұмыстарға белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар көбірек атсалысады ғой. Мұнда да солай деп ойлаймын. Қазіргі құрамын зерделеп отырсақ, көпбалалы аналар, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері, психологиялық-медициналық мекемелер, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, әйелдердің қоғамдық ұйымдарының белсенділері, медиаторлар, жастар көптеп саналады және тәрбиелік мәні зор дәстүрлеріміздің мәні түсіндірілетін жобаларға қуана қатысады.

Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық кодты сақтау, бәсекеге қабілеттілікті бала жастан бастап санаға сіңіру қажет. Мұның бәрін анасы балаға бесіктегі тәрбиеден бастап бойына сіңіруі керек. Әрине, отбасының, мектептің, қоғамның рөлін ескермеуге болмайды. Бірақ ең бастысы-отбасы, әсіресе анасы. Ана ежелден ұлттың айнасы, ел абыройы мен мақтанышы, отбасының өзегі болған. Нәзік жанды әйел адамы терең руханилық пен аналық қайсарлығы, шексіз сүйіспеншілігі мен даналығы үшін әрқашан құрметке лайық. Тек жақсы ана ғана халқына қалаулы, еліне елеулі, өз елінің нағыз ұл-қыздарын тәрбиелей алады! Аналық миссия деп осыны айтады.

Қазақстан өз алдына өте маңызды әрі өр міндет қойды. Бұған біз - тек өзімізге ғана тән ұлттық код, этникалық даралық және ұлттың өзін-өзі көрсетуінің арқасында қол жеткізе аламыз. Осы мақсатта біздің Аналар кеңесі отбасыларды олардың қалыптасуының әртүрлі кезеңдерінде – балабақшалардан бастап еңбек ұжымдарына дейін қамтуға тырысады. Біз үшін бәрі маңызды: зияткерлік даму, физикалық, патриоттық, ең бастысы – отбасы және қоғам! Отбасын не бақытты етеді? Олар: адам баласының бір-біріне деген сүйіспеншілігі, өзара түсіністігі, ұрпақ өсіру, молшылық? Ұлы данагөй Конфуций: Бақыт дегеніміз – өзгелердің сені түсінуі, үлкен бақыт - сені сүюі, нағыз бақыт – өзіңнің жақсы көруің», - деген екен. Сондықтан біз барлық осы мәселелерді, тақырыптарды талқылай отырып, бала тәрбиесіне, ұрпақ қамына байланысты халқымыздың мұра етіп қалдырған даналығын өмірімізге арқау етіп алуымыз қажет. Біз өз жұмысымызды жақсы көреміз. Ананың отбасы мен қоғамдағы маңыздылығын түсінеміз. Қоғамдағы күрмеулі мәселелерді тиісті мемлекеттік органдармен, көргені мол өнегелі әжелермен шешуге тырысамыз. Сондай ақ, басқа өңірлермен де тығыз қарым-қатынастамыз. Барлығымыздың көздегеніміз бір мақсат болғандықтан, тәжірибе алмасып тұрамыз.

Өзін-өзі жұмыспен қамту бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылып тұрады. Жетістікке жетіп, көпке үлгі болып, бизнестің қыр-сырын меңгерген әйелдер қауымымен тұрақты кездесу-кеңестерін өткізу игі дәстүрге айналған. АХАЖ бөлімдерімен, білім ордаларымен етене жұмыс жасаймыз. Статистикалық мәліметтер үйленген 10 отбасының жартысына жуығы ажырасып кететіндігін айтады. Осы себептен біз отбасы құндылығын дәріптеу арқылы, медиацияның көмегімен шаңырақтардың шайқалмауына барынша көмектесуге тырысамыз.

Өнерлі аналарға дем беріп, қолдарынан шыққан бұйымдарын халыққа тұтынуға ұсынуға мүмкіндік береміз. Бұл жағдайда, біздер облыстық ҚХА Қайырымгерлер мен меценаттар клубымен Мектепке жол, Біз біргеміз, Аналардың қолымен қайырымдылық жобаларын іске асырудамыз.

Аудан, қалалардың, атап айтсақ, Приозерск, Қаражал қалаларының, Қарқаралы, жаңаарқа аудандары кеңестері де толымды тірлік атқарып жатқанын атап кету керек.

Сайып келгенде, ұлағат мектебі болып отырған Аналар кеңесінің алда да атқарар ауқымды істері бар. Әлбетте, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда және қолдауда, қоғам өміріне қосар үлесі зор.



Кейін қарай