Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2021

283

Қарағандыда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚХА Аналар кеңесінің жалпыреспубликалық акциясы аясында «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау оралығы «Нұр Отан» ХДП Облыстық филиалымен, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қарағанды қаласы әкімдігімен бірлесіп мерекелік шара ұйымдастырды.


Бұл күні кішкентай бүлдіршіндерге «Синтегра» ЖШС мен «Сарыбел» ОО демеушілері сыйлықтар таратты.

- Балаларды қорғау күні ересектер, жас ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілікті еске түсіретін мереке. Біздің балалар дені сау, ақылды және еліміздің нағыз патриоттары болып өссін, - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Хадиша Оспанова.


Шара аясында бір ай бұрын Қарағандыда басталған «Дарынды бала» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Кейін қарай