Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2021

3328

Атырауда «Донор бол – Қан тапсыр» акциясы ұйымдастырылды

Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы белсенділерінің ұйымдастыруымен «Атырау облыстық қан орталығы» мекемесінде «Донор бол - Қан тапсыр» акциясы өтті.

Акцияға әр түрлі сала қызметкерлерінен 50-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Оның ішінде 38 адам донор болып, 19 литр қан тапсырды. Қан тапсырған донорларға арнайы тәттілер таратылды. Донорлар тапсырған қан хирургиялық аурулар, гемотологиялық, гинекологиялық ауруларға және қанға мұқтаж жандарға құйылады.


Қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға жәрдем беру, донор санын көбейту мақсатында қала тұрғындарымен қоса, ерікті жандар да акцияға қатысып, адам өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосты.


Кейін қарай