Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2021

393

Атырауда «Довира» ЭМБ балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді

Атырауда Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында украиналық «Довира» ЭМБ «Бақытты балалық шақ мерекесі» қайырымдылық акциясын өткізді.

Бірлестік мүшелері облыстық балаларды бейімдеу орталығында, балаларға арнап әртүрлі ойын-сауық ойындары мен қызықты байқаулар ұйымдастырды. Сыйлықтар мен тәттілер тарту етті. Top_dance_kz және Атырау Тропикананың мектеп-студиясының би топтары өнер көрсетіп, балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлады.


Іс-шара соңында балаларды бейімдеу орталығының директоры Г.Бижанова «Довира» ЭМБ ұжымына алғысхат табыстап, алғыс білдірді.


Кейін қарай