05 Қазан, 2020
1080
«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының тұсаукесері болды
Атырау қаласының Достық үйінде Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Қоғамдық келісім» КММ және қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру аясында «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының тұсаукесері өтті.
Ол интерактивті картаны Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты География институтымен және ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ақпараттық және есептеу технологиялары институтымен бірлесіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі ХХV сессиясында әзірлегенін атап өтті.
Картаның мақсаты - қазақ ұлтының ерекше мемлекет құраушы миссиясын ескере отырып, ежелгі қазақ жерінде барлық ұлттардың бірігу үдерісін егжей-тегжейлі көрсету.
Ғылыми картада Қазақстанның көп этностық халқының қалыптасуы, этностық топтардың тарихы мен мәдениеті, сирек кездесетін мұрағаттық және статистикалық деректер негізінде Астананың тарихы туралы ауқымды материалдар қамтылған.
Іс-шара аясында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Ш. Уәлиханов тарих және этнология институты мен Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Іс-шараға Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ҚХА Кеңесінің хатшысы, «Жаңғыру жолы» ЖҚ және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады
-
Астанада жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісімен кездесуі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы ұсынылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастарының» төралқа мүшесімен кездесуі өтті
16 Қыркүйек, 18:03
Астанада жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
16 Қыркүйек, 18:09
Астанада Қазақстан-неміс мектебі ашылады
17 Қыркүйек, 13:18
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
17 Қыркүйек, 19:58
ҚХА медиация кеңесінің отырысы өтті
18 Қыркүйек, 13:34
ҚХА Төрағасының орынбасары қазақстандық неміс орталығында болды