Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2022

391

«Қазақстандағы тарихи жад саясаты» тақырыбындағы сарапшылық кездесуі

2022 жылғы 31 мамыр күні «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні жарияланғанына 25 жыл толуына арналған «Қазақстандағы тарихи жад саясаты» тақырыбында сарапшылық кездесу болып өтті.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Д. Қамзабекұлы, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Еркін, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы Н.Павловна, «Астана» Халықаралық университетінің қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор И.Борчашвили, ғалымдар мен сарапшылар, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттары мен доктораттары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып, баяндама жасады.

Өзінің кіріспе сөзінде М.Әзілханов қазіргі геосаяси жағдайда қазақ халқының дұрыс таңдау жасай білуі өткеннің тарихи сабақтарына, тарихи жадыға арқа сүйенуі тиіс екендігін атап өтті. Оның пікірінше, бұл ұлттық кодтарымызды сақтап, бізді – қазақ, ал біздің мемлекетімізді Қазақстан ететін сана-сезімнің іргелі негіздерін даралайды.


Осы тұрғыда спикер, 20-шы ғасырдың басында алашордалықтардың тәуелсіздік жолында тар жол – тайғақ кешуі, азаттық үшін арпалысуы елдегі ашаршылық пен ұжымдастыру және қазақтың тарихына қатысты бұл қасіретті оқиғаларды сыртқы күштер енгізген атап өтті.

Оның айтуынша бірақ бұл - заманауи қоғамның барлық атрибуттары бар демократиялық Қазақстан құру мүмкіндігі болды. "Болашақ үшін естелік" жобасы туралы айта келе, М.Әзілханов оның бүгінгі таңда саяси қайта құру бағдарламасының өзекті мәнмәтіні болып табылатынын атап өтті. Дәл осы жоба аясында қазақ халқының байырғы қазақ жерінде түрлі этностарды, мәдениеттерді, діндерді біртұтас ұлтқа біріктірудің сөзсіз тарихи құқығы айқын айқындалды.


Өз кезегінде, Мемлекет тарихы институтының директоры Е.Әбіл КСРО-ның шаруаларға қарсы қуғын-сүргін саясатының құқықтық негіздері туралы айтып берді. Ол саяси қуғын-сүргінді зерттеудің әдістемелік негіздері мәселесі тек академиялық міндеттермен ғана емес, қолданбалы аспектімен де байланысты екенін атап өтті. "Қуғын-сүргін саясатын жүргізудің әлемдік тәжірибесін талдау басқа мемлекеттерден айырмашылығы, Кеңес мемлекетінде қуғын - сүргінге жекелеген азаматтар ғана емес, тұтас әлеуметтік қауымдар, топтардың да ұшырағанын көрсетеді, сондықтан саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау институтын дамыту және одан әрі жетілдіру осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілуге тиіс", - деп өз сөзін түйіндеді.


Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Н.Калашникова Қазақстан халқы Ассамблеясының "Болашақ үшін естелік" жобасын іске асыруының маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл жоба қазақстандық этностарды ғана емес, көптеген елдердің халықтарын да біріктіре алады.

Кездесу барысында сондай-ақ ғалымдар тобы дайындаған "саяси қуғын-сүргін ауқымын зерттеу критерийлері: отандық және шетелдік тәжірибе" атты жаңа жинағы таныстырылды.



Кейін қарай