Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Тамыз, 2016

859

Азаматтық сот ісін жүргізудегі бітімгерлік рәсімдері

Астанада Астана қаласы сотының ұйымдастыруымен «Азаматтық сот ісін жүргізудегі бітімгерлік рәсімдері» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Оның жұмысына қалалық және аудандық соттардың судьялары, кәсіби медиаторлар, прокуратура, қалалық адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері мен басқалар қатысты.

Аталған «дөңгелек үстел» барысында кең ауқымды қамтыған сұрақтар талқыланып, дауларды (жанжалдарды) баламалы тәсілмен реттеу мәселесі, медиативтік және партисипативтік саладағы рәсімді қолдану проблемалары, медиацияны дәріптеу  тетіктері мен басқа да мәселелер айтылды.

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ атынан шыққан бас сарапшы Қайрат Төкебаев кәсіби емес медиацияның әлеуеті мен этномәдени бірлестіктердегі медиацияны пайдалануды дамыту мүмкіндіктері туралы баяндама жасап, аталған құқықтық құрал ресурсын насихаттауда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қ. Төкебаев қазіргі уақытта Ассамблеяның кәсіби емес медиаторлардың өзіндік пулын құрушы ретінде Қазақстан Республикасындағы медиация институтын дамыту бойынша ҚР Жоғарғы Сотымен екіжақты меморандум бекіткенін мәлімдеді. Осы арқылы медиация дауларды (жанжалдарды) тәжірибе жүзінде тиімді реттеуші құрал ретінде Қазақстандағы қоғамдық сананы біріктіруші мәртебесіне ие болып отыр.

«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы бойынша екі тараптың алдын ала  келісіміне сәйкес реттестірілген және  әртүрлі құрылымдардың бірқатар ұсынымдары өңделді.

Мұнан өзге, «дөңгелек үстел» жұмысы барысында Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бітімгерлік рәсімі институтын дамыту бойынша Астана қаласы Соттар әкімшісімен, Астана қаласы соттар одағымен, Астана қалалық соты жанындағы соттармен өзара әрекеттесу бойынша қоғамдық кеңеспен, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы» РҚБ және басқаларымен өзара әріптестік меморандумына қол қойды.

Аталған Меморандумға қатысушы тараптар дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеудің барлық кешендерін тәжірибе жүзінде іске асыру керектігіне басымдық берді, сондай-ақ, оны тұрғындар арасында дәріптеу қажеттігін атап өтті.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі:

тел. 24-98-53

e-mail: kguast@mail.ru

 

Кейін қарай