
27 Қыркүйек, 2016
750
Әділеттілікті бірге орнатамыз!
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Солтүстік Қазақстан облыстық сот пен этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында татуластыру рәсімін қолдану саласындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына облыстық сот судьялары, облыс соттары әкімшілігінің басшысы, ҚХА мүшелері, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сөз сөйлеген облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов Ассамблея және облыстық сот арасында татуластыру рәсімдер институтын дамыту бойынша құқықтық дауларды реттеу үшін тығыз ынтымақтастық орнағандығын атап өтті.
Мысалы, ағымдағы жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы соттарының татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы 976 азаматтық іс қаралды.
Бүгінде медиация кабинеттері Қазақстан халқы ассамблеясымен қатар облыс әкімдіктері мен жеке ауылдық округтер жанынан ашылған.
Облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов Қазақстан халқы ассамблеясымен бірігіп атқарып жатқан істің алдағы уақытта неғұрлым сапалы нәтиже беретіндігін айтты.
Отырыс соңында этномәдени орталықтардың өкілдері облыстық соттың кабинеттері, мәжіліс залы мен мұражайымен танысты.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
-
Абай, біз біргеміз!
-
Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтті
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
-
Абай, біз біргеміз!
-
Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтті