Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Тамыз, 2021

311

Елордада Конституция күніне арналған онлайн-концерт ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Конституция күніне арналған онлайн-концерт өтті.


Іс-шараның мақсаты – Конституция мәртебесін арттыру, елдің бірлігі мен ынтымағын дәріптеу, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Аталған шарада елорда этномәдени бірлестіктерінің көркемөнерпаздар ұжымы өздерінің бай репертуарлары арқылы көрермендерге төл мәдениеттің құндылықтарына негізделген шығармаларды орындап берді.


Бұл шара еліміздің Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің Қаулысына байланысты қатаң түрдегі карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Кейін қарай