25 Қыркүйек, 2024
187
«Этносаралық қатынастардағы медиация» тақырыбында семинар-тренинг
2024 жылғы 23 мен 25 қыркүйек аралығында «Ақтөбе облысында қоғамдық қатынас саласында медиацияны дамыту» мемлекеттік гранты шеңберінде «Этносаралық қатынастардағы медиация» тақырыбында үшкүндік оқыту семинар-тренингі өтті.
Аталмыш іс-шараға спикер ретінде «Парасат» медиация және құқық орталығы» жеке меншік мекемесінің төрағасы, кәсіби медиатор, Тарих ғылымдарының кандидаты, DKU доценті (Қазақстан-Неміс университеті), «Самұрық – Қазына» АҚ медиация және медиацияны оқыту бойынша жаттықтырушысы (2012-2014 жж.), «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу» мамандандырылған оқу курсының авторы Гүлмайдан Урозбаева; психолог, «Парасат» медиация және құқық орталығының сарапшысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, кәсіби медиатор Ақмарал Абдукеева қатысты.
Семинар-тренинг бағдарламасы этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайларды кешенді зерттеу, диагностика жасау, талдау және басқаруды қамтыды. Сондай-ақ халықаралық және қазақстандық тәжірибелерге қарастырылды, этносаралық қатынастар мәселелерін реттеудегі дағдылар мен құзыреттер зерделенді. Практикалық істерді шешуге көп көңіл бөлінді.
Тыңдаушылар қатарында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстағы қоғам жетекшілері мен этномәдени бірлестіктердің, оқу орындарының өкілдері болды.
Оқыту қорытындысы бойынша сертификаттар беріліп, кейіннен ҚХА этномедиаторлар пулына енгізу үшін этномедиаторлар анықталды.
Бұл шара Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы мен «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығы» жеке мекемесінің қолдауымен өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел - бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті