Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қараша, 2022

323

Геннадий Шиповских «Ел бірлігі» Тик-Ток хаус қатысушыларымен кездесті

2022 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты Геннадий Шиповских «Ел бірлігі» Тик-Ток хаус қатысушыларымен кездесті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының іргелі қағидаттарын жастар ортасына енгізу, талантты жастарды мемлекеттің саяси тұлғаларымен таныстыру.


Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Геннадий Шиповских Тик-Ток бүгінгі таңда үлкен ақпараттық платформаға айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, жастарға қазіргі қоғамдағы бірліктің құндылығы мен қазақ тілінің ролі түсіндірілді.


Депутат жастарға бұл жобада жемісті жұмыс, позитивті және жарқын әсерлер алуды тіледі.


Кейін қарай