Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2016

1501

Имамдар институты

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің республикалық әдістемелік медиация кабинеті  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру институтының  базасында «Дінаралық дауларда медиацияны қолдану тәсілдері» атты дөңгелек үстел өткізді. Институттың негізгі тыңдаушылары республикамыздың барлық аймағынан келген мешіт имамдары мен найб-имамдары.

Қазіргі таңда діни ахаулдың елдегі саяси өмірге әсері, елдегі жат ағымдармен кездесетін  дау-даумайлардың алдын алу, алаңдатып отырған басты мәселелерді бірігіп шешу және болдырмау жолын ақпараттық-насихаттық жұмыстар арқылы  жеткізу - біздің басты мақсатымыз. Дөңгелек үстелде  республикалық әдістемелік медиация кабинетінің жетекші сарапшысы Н.Альтекова  модераторлық жасады.

Дөңгелек үстел институт директоры Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлының  алғы сөзімен басталды. Алматы қалалық ҚХА хатшылығы жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі, «Ирныхас» осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы, сондай-ақ «ВАТАНДАШ» қырым-татарлары орталығының жетекшісі, профессор С.У.Бабалиев медиация институтының дамуындағы ҚХА рөлі туралы мол мағұлматтар берді.

Халықаралық құқық қорғау орталығының, Қазақстан медиаторлар қауымдастығының директоры Ж.Жақыпов «Дінаралық дауларда медиацияны қолдану тәсілдері» деген тақырыпта баяндама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында ашық әңімелесулер болды. Тыңдаушылар өздерінің жұмыс барысында кездесетін дау-дамайларды шешуге көмек алатын жиынның өткеніне, қазіргі таңда бәрімізді алаңдатып отырған мәселе жөнінде берілген ақпаратқа алғыс айтып, алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге шақырды.

Кейін қарай