05 Ақпан, 2020
810072
Көкшетау: Арнайы көрме-экспозицияда қазақ халқының мол қолөнер үлгілері таныстырылды
Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық Аналар кеңесінің «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» жобасын іске асыру мақсатында «Халық қолөнері – халық қазынасы» атты шеберлік сағаты өтті.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның басты мақсаты - қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету, қазақтың ежелгі салт-дәстүрлерін сақтай отырып, қолөнерді жетілдіру, болашақ ұрпаққа үйрете отырып, оларды қолөнерге баулу.
Шараға ұлттық өнерді ұлықтап, оны дамыту жолында үлкен еңбек етіп жүрген Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы халықтық-қолданбалы өнер шеберлері одағының және облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, қазақ кітапханасының «Үкілім-ай» қыздар клубының тәрбиеленушілері, кітапхана оқырмандары, жастар қатысты.
Шеберлік сағатында қонағымыздың өз қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме-экспозиция ұйымдастырылды. Шара барысында қолөнер шебері Үкіжан Ементаева қолөнер әр халықтың мәдениетінен сыр шертетін, тамырын тереңнен алатын өнер екенін айта келе, жастар қолөнер сынды асыл мұрамызды ұлттық құндылық ретінде қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі керектігін алға тартты.
Сондай-ақ Үкіжан апамыздың қолынан шыққан «Ұлы түркі қағанаты», «Қазақ даласындағы ежелгі қалалар» сынды матаға түсірілген карта, «Руна жазуы» тағы басқа тарихтан сыр шертетін бұйымдарды жасау қажырлы еңбек пен білімді талап еткені көрініп тұрды.
Сонымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен үндесетін «Алтын адам», «Аң стилі», «Атқа міну мәдениеті» бейнеленген қолөнер туындылары көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Үкіжан апайдың әр туындысы ерекше отаншылдық сезімді, ұрпаққа деген ізгі үмітті әйгілеп тұрғандай әсер қалдырады.
Жүннен түрлі бұйымдар жасайтын Гүлнар Мырзағалиқызы қазақтың қолөнерін жаңғыртып, қойдың жүнінен жұқа киіз жасап, оған түрлі ою өрнектер салып, заманауи жастардың сұранысына сай киім жасаудың жолдарымен бөлісті.
Жиналған жастар шеберлік сағатында өз қолдарымен киізден бұйым жасап көруге мүмкіндік алды. Гүлнар Мырзағалиқызы үйнеруге ықылас танытқан жастарға әрқашан үйретуге әзір екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ассамблея тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда
-
Елордада қалалық ҚХА XXII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары 24KZ телеарнасының ұжымымен кездесті
-
Абай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
-
«ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ӨРЛЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІРЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20 Маусым, 13:35
БҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясы өтті
24 Маусым, 11:23
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
21 Маусым, 02:27
ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Ақмола облысы ҚХА өкілдерімен кездесті
21 Маусым, 18:03
Абай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті
25 Маусым, 22:24
«Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбында көшпелі отырыс өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Ассамблея тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыруда
-
Елордада қалалық ҚХА XXII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары 24KZ телеарнасының ұжымымен кездесті
-
Абай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
-
«ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ӨРЛЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ БІРЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ