31 Наурыз, 2016
935
Кітаптар таныстырылымы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасында Қазақстан Республикасы Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ сыйға тартқан кітаптардың таныстырылымы болып өтті.
«Бүгінгі кездесу «Қоғамдық келісім» РММ сыйға тартқан кітаптарды таныстыруға арналады. Бұл ұйым Президент Әкімшілігінің уәкілетті органы болып табылады және Ассамблея қызметін ғылыми-сарапшылық, ақпараттық, талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Олардың университетке тарту еткен сыйлығы - зор мақтаныш әрі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл кітаптар этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерделейтін оқытушылар мен студенттер үшін үлкен көмек болары сөзсіз. Біз диплом жұмыстарын, магистрлік диссертациялар, ғылыми мақалалар жазғанда, баяндамалар әзірлегенде оларды пайдалана аламыз», - деп атап көрсетті Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Ержанов Нұрлан Тельманұлы.
Таныстырылған кітаптар – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы іске асырған бірқатар жобалардың, атап айтқанда, «Қаһармандықтың мәңгілік ғибраты», «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобаларының, саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарына арналған «Шерлі шежіре аманаты» халықаралық жобасының нәтижесі. Ғылыми-сарапшылық желісі бойынша ондаған ғылыми еңбектер жарыққа шығарылған, олардың ішінде: «Ассамблея народа Казахстана: история двух десятилетий», «Ассамблея народа Казахстана в истории страны» атты кітаптар, «Пламя победы» үш томдық еңбегі, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары бар.
Ғылыми зерттеулер республика өңірлерінде де белсенді түрде жүргізіледі, солардың нәтижесі бойынша 2014 – 2015 жылдары 18-ден астам монография, 10 оқулықтар мен оқу құралдары жазылып, 29 әдістемелік әзірлеме дайындалды, 123 мақала жарияланды. Қазіргі кезде ғылыми әдебиеттің бірыңғай базасы қалыптастырылуда (ҚХА депозитарийі), дереккөздік база кеңейтілуде, тақырыптық ақпараттық материалдар жнақталуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мамытова Сәуле Нәсенқызы «Қоғамдық келісім» сыйға тартқан кітаптарға жан-жақты талдау жасап, сол сияқты қызметтерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында тұрған жаңа міндеттер тұрғысынан алғандағы перспективаларымен таныстырды.
Қазақстандық патриотизмді, студент жастар арасындағы өзара құрметті қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі тақырыбын өз сөзінде гуманитарлық-педагогикалық факультеттің деканы Бегімтаев Әмірғали Ильяшұлы ашып көрсетті. Өз баяндамасында тарихи сананы МӘҢГІЛІК ЕЛ жалпыұлттық идеясын іске асырудың іргетасы ретінде қалыптастырудың ерекше өзектілігін Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Марданова Зулейха Жеңісқызы атап көрсетті. Кітап таныстырылымына арналған іс-шараның соңында Студенттердің «Бірлік» ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов сөз алып, көп этносты Қазақстан тарихы және қазіргі заманғы этносаясат бойынша аса маңызды білім көзі болып табылатын кітаптар ұшін «Қоғамдық келісімге» студенттердің атынан алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Сәтбаев қ. Достық үйінде «Салауатты сана» жобасының таныстырылымы өтті
-
Жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
-
Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің таныстырылымы
-
Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті
-
Қазақша кітаптарды түпнұсқада оқығым келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Сәтбаев қ. Достық үйінде «Салауатты сана» жобасының таныстырылымы өтті
-
Жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті
-
Сарапшылар этносаралық араздық тілін еңсеру бойынша #Бірге ақпараттық науқанның таныстырылымын өткізді
-
Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің таныстырылымы
-
Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті
-
Қазақша кітаптарды түпнұсқада оқығым келді