29 Ақпан, 2016
822
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫ КӨКШЕ ЖЕРІНДЕ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» пойызы» акциясын Көкшетау теміржол вокзалында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нұркенов бастаған көкшетаулықтар қарсы алды. Акция аясында поезбен келгендерді қарсы алу рәсіміне сонымен қатар облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени орталықтар өкілдері, білім және денсаулық сақтау қызметкерлері, шығармашылық ұжымдар, студенттер мен жастар, жергілікті тұрғындар қатысты. Кең ауқымды әлеуметтік іс-шара 15 ақпанда Астанадан бастау алып, еліміздің түкпір түкпірін араламақшы.
Пойыз қатысушылары құрамында министрліктер мен түрлі ведомстволардың қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен ғалымдар бар.
«Мәңгілік Ел» пойызы штабының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әміржан Әлпейісов: «Киелі Көкше жеріне зор алғысымызды білдіреміз. Бұл поездың құрамында 90 -нан астам түрлі сала мамандары бар. Ауылшаруашылығы, білім беру немесе денсаулық саласы бойынша кеңес аламын деушілерге көмегімізді аямаймыз» -, деді ол.
Пойыз мүшелері Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерінің мүшелерімен кездесу өткізіп, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының басты мақсатын түсіндірді. Сонымен қатар Достық үйінің ішін аралап, ерекше әсер алды.
Ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында акция ұйымдастырушыларына жастар ұйымдарының қоғамдағы орны, әлеуметтік мәселелер бойынша көптеген сауалдар қойылып, мол мағлұмат алынды.
«Мәңгілік ел» пойызының мүшелері бұл күні әр сала бойынша топ - топқа бөлініп, жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
«Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
Көкшетауда «Қазақстан татарлары: тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
-
Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Ақ жаулық - Аналардың символы» атты іс-шара өтті
-
Көкшетауда Қайрат Баймолдинов ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті