08 Шілде, 2021
330
М.Әзілханов Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі М.А. Хайриддиновпен кездесті
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.А.Әзілханов Өзбекстан Премьер-Министрінің Кеңесшісі М.А. Хайриддиновпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту және барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, жыл сайын шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша мемлекет, үкімет және ведомство басшылары деңгейінде тұрақты кездесулер өткізіледі.
М.Әзілхановтың айтуынша, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары бүгінгі таңда сапалы, жоғары деңгейге көтерілді. Ол екіжақты стратегиялық өзара іс-қимылдың маңызды аспектілерінің бірі ҚР Парламенті мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі арасында тұрақты диалог орнату, сондай-ақ екі елдің парламенттік фракциялары арасында тығыз байланыстар орнату болып табылатынын атап өтті.
«Ассамблея 9 депутатты елдің жоғары заң шығарушы органына жібереді, олар Ассамблея сессиясымен сайланады. Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінде барлық партиялардан 30 депутаттан тұратын ҚХА депутаттық тобы жұмыс істейді. Біз парламентаралық желі бойынша да ынтымақтасуға дайынбыз, онда тоғыз депутат Қазақстанның көпұлтты халқының мүддесін білдіреді»-деді ҚР ҚХА Төрағасының орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ал 2019 жылы Ассамблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесі Әбу Райхан Бирунидің Шығыстану институтымен Қазақстан тарихының жаңа көздерін іздеу бойынша үлкен жұмыс атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне құттықтауы