29 Желтоқсан, 2022
483
Махамбет ауданындағы «Ана әлдиі»
2022 жылғы 28 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана әлдиі» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – бесік жыры арқылы ұлттық тәрбие негіздерін, мәдени құндылықтарымызды насихаттау.
Бесік жыры – бала тәрбиесінің бастапқы және негізгі құралы. Ол – ананың әлдиі арқылы баланың құлағына халықтың салт-дәстүрін кұйып, адамгершілік, ізгілік, даналық тағылымдарын қалыптастыратын құдіретті күш.
Байқауға отбасы құндылықтарын, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты насихаттап, тұрақты ұстанатын жан, көп балалы ана, үлкен жанұяның өнегелі келіні - Мұқамбетжанова Гүлсана Берікқызы қатысты. Ол Қосарал орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеумен бірге аудандағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып келеді. Үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған ана балаларына бесік жырын айтудағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Шара соңында Махамбет ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Жібек Шамалиқызының атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Аналар кеңесі ұлттық құндылықтарды жас буынның бойына сіңіруге күш салып келеді»
-
ҚХА Аналар кеңесінің «Ана әлдиі» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды
-
ҚХА-ның 25 жылдық достық эстафетасы Махамбет ауданына табысталды
-
Қарағандыда «Ананың аялы алақаны» жәрмеңкесі ұйымдастырылды
-
Қарағандыда сарбаздар «анасы» Мария Фатееваны 70 жасымен құттықтады
-
Анна Вундер: Қазақстан – құшағын кеңге жайған мейірімді «ана»
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
сегодня, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті