
12 Желтоқсан, 2016
906
Мартиросян отбасы Армениядан жүлдемен оралды!
Армения Республикасы Диаспора министрлігі, Дүниежүзілік армян конгресі және Ресейдің Армян одағы 2010 жылдан бастап тарихи отанынан тыс жерде тұрып, өз мәдениетін, дәстүрін, салт-дәстүрін насихаттайтын ұлт өкілдері арасында «Армян дәстүрін сақтауға айтарлықтай үлес қосқаны үшін» байқауын өткізіп келеді. Марапаттау рәсімі Арменияның Диаспора министрлігінде қараша айында өтті. Ереванаға арнайы Қостанайдан барған Мартиросян отбасы «Дәстүрлі армян отбасы» номинациясы бойынша үшінші сыйлыққа ие болды.
- Бұл біз үшін үлкен құрмет, себебі бұл байқауға бүкіл әлемнің армяндары қатысып отыр, үміткерлер арасында үлкен іріктеу жүріп жатыр,- деді Қостанай облысы "Эребуни" Армян қауымы төрағасының орынбасары Рачуи Геворгян. - Біздің отбасы ең алғашқы күндерінен бастап осы армян этномәдени орталығымен тығыз байланыста. Менің ұлым Рач – "Миасин" жастар қанатының көшбасшысы, ал қызым Гаяне – осы қанаттың белсенді мүшесі. Гаяне ән айтып, би сабағын жүргізіп қана қоймай, облыстық телехабар бойынша авторлық бағдарлама жүргіп келеді. Рач – барлық іс-шаралардың ауысымсыз жүргізушісі, шоумен, КВН-ге қатысушы.
Осы жерде мынаны атап айтқым келеді: бізде, Қазақстанда жүргізіліп отырған этносаясаттың арқасында, біз сияқты басқа этностар да өз тілдері мен мәдениетін дамытуға мол мүмкіндікке ие.
Байқауға өзіміздің жұмысымыз туралы материалдар жинағын, фотосуреттер жіберген болатынбыз, бірақ жеңіп аламыз деп ойламадық. Үшінші орынды илену, біз үшін үлкен тосын сый болды! Біз Қазақстанда өмір сүре отырып, өз елімізді мақтан етеміз. Басқа ұлт өкілдеріне өзіміздің түп-тамырымызды, шыққан тегімізді таныстырудан еш жалықпаймыз. Сонымен қатар Ереванда болған кезде Гаянеге режиссер Филипп Погосяннан көркем фильмге түсуге ұсыныс түсті, ол бұл ұсынысты қуана-қуана қабылдады.
Ұйымдастырушылардың дұрыс шешім қабылдағанын «Эребуни» қауымының төрағасы Тигран Бадалян растады.
- Мартиросян отбасы осындай марапатқа лайық. Мартиросян отбасы әрбір іс-шараларға ұдайы қол ұштарын созады, белсенді қатысады. Өз жеңісі туралы қуанышпен Мартиросян отбасы Достық үйінде "Эребуни" өкілдері қауымымен өткізілген жаңа жылдық ертеңгілікте бөлісті. Концерттік бағдарлама әнмен, бимен сүйемелденіп, мерекенің әр қонағына тәтті сыйлықтар мен кәдесыйлар таратылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қызылордада Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МЕЦЕНАТ АКБАРЖАН ЯХИЯҚАЖЫҰЛЫ ИСМАИЛОВ ЕКІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
-
Отбасы – менің тірегім» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қызылордада Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МЕЦЕНАТ АКБАРЖАН ЯХИЯҚАЖЫҰЛЫ ИСМАИЛОВ ЕКІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
-
Отбасы – менің тірегім» тақырыбындағы дөңгелек үстелі