Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2016

1289

«Мектептегі дау-жанжалдарды шешу әдістері»

Алматы қаласындағы  №35 мектеп-гимназиясында Республикалық Достық үйі медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Мектептегі дау-жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров Қ. В., Алматы қалалық «Қоғамдық келісім» КММ мен Алматы қаласы Республикалық Достық үйінің қызметкерлері, мектеп инспекторы, мектеп ұстаздары және оқушылар қауымы қатысты. Семинарда модераторлық қызметті ҚР Президенті жанындағы ғылыми-сараптама және РММ «Қоғамдық келісім» әдістемелік қызметінің халықаралық ынтымақтастық және медиация секторының аға сарапшысы Н.А.Альтекова атқарды. Семинарды «Concord Education Center» оқыту орталығының директоры Оразбаева Г.А. жүргізіп отырды.

Семинарда қатысушыларға медиация технологиясы туралы ақпарат беріліп, талас-тартысты реттеудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ, мектептегі талас-тартыс пен дау-жанжалдарды реттеуде медиацияны қолдану жолдары айтылды.

Семинарда «Медиация мазмұны, мағынасы, қолданылуы» тақырыбында кәсіби медиатор, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми-сараптама және әдістемелік қызметінің халықаралық ынтымақтастық және медиация секторының аға сарапшысы Н.А.Альтекова, «Мектептегі дау-жанжалдарды шешу әдістері» тақырыбында кәсіби медиатор, «Concord Education Center» оқыту орталығының директоры Г.А. Оразбаева баяндама жасады.

Семинар барысында интерактивті тақта, оқушылардың қатысуымен көрсетілген ситуациалық мысалдар, бейнефильм, оқу әдістемелік құралдар пайдаланылды. Соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, еліміздегі медиация заңының қолданылуын құптады.

Қатысушылар «Медиация туралы» заңның нормаларымен танысып, оны күнделікті өмірде туындайтын дау-жанжалдарды реттеуде пайдалану жолдары туралы ақпаратқа қанықты.

Семинар өткізілген мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымының өтініші бойынша ұйымдастырушылар мектептің басқа сыныптарының оқушылары үшін осы тақырып бойынша қосымша кездесу-семинар өткізді. 

Кейін қарай