Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Сәуір, 2023

215

«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН»

Шымкент қаласында тұратын этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді жетік меңгерген жастардың саны күн сайын артып келеді. Ынтымағы ұйысып, бірлік туын берік ұстаған шырайлы қаламызда мемлекеттік тілге деген құрмет ерекше. Әсіресе, түрлі этнос өкілдері оқитын қаламыздағы білім ошақтарында қазақ халқының ақындары мен жазушыларының шығармаларын терең танып, жатқа айту үрдісі дәстүрге айналуда.

Солардың ішінде ұлтымыздың ұлы ақыны, аудармашы, философ Ш.Құдайбердіұлының шығармасын жатқа оқыған Шымкент қаласы Хамза атындағы №42 жалпы білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушылары Дильмуратова Маржона, Ахматкулов Асылбек және №23 мектептің 9 сынып оқушысы Галимов Шамиль. Аталған оқушылардың мемлекеттік тілде ақындар өлеңдерін жатқа айтып қана қоймай, өз ойларын әдеби тілде бүкпесіз жеткізе алатын қабілеті де ерекше. Еліміздегі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді барынша меңгеруі, оның даму аясын одан сайын арттыра түспек.


Кейін қарай