Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Сәуір, 2022

221

Отбасы құндылықтарын ұлықтады

2022 жылғы 27 сәуір күні Республикалық «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» Жобасы аясында «Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің, № 69 жалпы білім беретін орта мектебі КММ ұйымдастыруымен 1- мамыр «Қазақстан халқы бірлігі күніне» арналған «Бір шаңырақ астында» мәдени – көпшілік іс-шарасы өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара мақсаты – қоғамда әйел мен ананың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын түсіндіру және жастар мен болашақ ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбиеле беру. Сондай-ақ ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, достығымызды сақтау, көптеген ұлттардың бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмірін баяндау.

Жиын барысында «Қазақтың қолөнері қасиетім» көрмесі тамашаланып, көпбалалы ана, жеке кәсіпкер, «Дана» бренд авторы Г.Рамазанованың шығаршылығы көпшілікке көрсетілді.


Республикалық «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» Жобасының бір бағыты «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» ретінде ардақты аналар Б.Кушкенбаевамен, Т.Құрманаймен сыр-сұхбат ұйымдастырылып, жас аналарға ақыл-кеңес берді.

Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысып, «Қазақстан халқы бірлігі күніне» арналған ақ тілектерін айтты. Соңында, мектеп оқушыларының қатысуымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік көнцерт өтті.

Кейін қарай