Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қазан, 2016

1490

Отбасы отының жылуы

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ Отбасы күніне орай ұйымдастырған іс-шарада осы үш сөз баршаны біріктіруші мағынаға ие болды.

Этномәдени бірлестіктер төрағаларының, ғылыми-сарапшылық топ, қоғамдық келісім кеңесі және аналар кеңесі мүшелерінің 18 отбасы үйдегідей еркін жағдайда әртістерге қосыла ән айтып, отбасылық бақытқа жеткізген сырларымен   бөлісті.

Іс-шара ресми түрде өткізілмегендіктен, отбасы мүшелері дастарқан басында жиналып, шай ішіп отыратын «Барлығымыз үйде болғанда» («Пока все дома») атты телекөрсетілімге  ұқсап кетті. Бұдан бұрын әрбір отбасы екеуден, үшеуден, кейбіреуі төртеу болып қостанайлық талантты фотосуретші Георгий Шаповаловтың фотостудиясында тосыннан жасалған суретке түсіп шықты. Кештің соңында қатысушылардың фотоальбомы естелікке отбасылық портреттермен толығып шықты.

-Ойда жоқта жасалған, күтпеген қуанышты жай болды бұл,  - дейді мерекеге зайыбы Айгүл және ұлы Аңсармен келген Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов. – Отбасымызда есімі Әділет деген тағы да бір үлкен баламыз өсіп келеді. Біз оның есімін әдейі осылай қойдық. Мен өзім отбасымда әділдік болғанын қалаймын, қазіргі уақытта оған біз өзара сыйластық, адалдықпен қол жеткізіп отырмыз.

- Ежелден орыстар мен қазақтарда көп балалы отбасы үлгі-өнеге болды, бұл – отбасының басты құндылығы, ал ана болу әйелдің өмірінің мәні мен мағынасы болып табылады,- деп атап көрсетті орыс қауымының төрағасы Юрий Ивлев.- Қырғыздарда бала халықтың мәңгіліктің символы болып саналады, сондықтан  жүкті әйелді әрдайым қорғаштап жүрген. Негізінде, әрбір этноста отбасы үлкен рөл атқарады, ал отбасылық құндылықтар қадірленіп, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болған. Ол туралы Отбасы күнін жариялаған біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өтті. Жаңа мереке неке және отбасы институтын, қоғамдағы адамгершілік және руханиятты нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. «Отанды сүю - отбасынан басталады!» деген қазақ халқының дана сөзі де соны білдіреді.

«Қостанай облысы әкімдігінің

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай