22 Қыркүйек, 2015
2236
Патриоттық әндер байқауы
2015 жылдың 22 қыркүйегінде Қызылорда облысының Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылдық округінің мәдениет үйінде, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – Республикам менің» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы патриоттық ән байқауы болып өтті. Оған Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кенті, Шаған, Шіркейлі, Қалжан Ахун, Нағи Илиясов, Амангелді, Ақжарма ауылдық округінің өзге ұлт өкілдері қатысып, бақтарын сынады.

Байқауға «Құрақтың Досжаны» атындағы ұлттық музыкалық аспаптар оркестрінің жетекшісі, аудандық әуез мектебінің мұғалімі С.Сәдуақасов, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–нің бөлім басшысы Г.Сәрсенбай, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің жауапты хатшысы Ш.Нұрсейітов қазылық жасады.
Байқауға қатысушылар талап бойынша 2 әннен айтты. Бірінші ән патриоттық тақырыпта болса, екіншісі еркін тақырыпқа арналды.
Сайыс қорытындысы бойынша ән додасының бас жүлдесіне Тереңөзек кентінің тұрғыны Константин Луца ие болды. І-орынды Қалжан Ахун ауылдық округінің тұрғыны, кәріс ұлтының өкілі Син Орынбек, ІІ орынды Амангелді ауылдық округінің тұрғыны Закирқызы Нұргүл, ІІІ орынды Нағи Ілиясов ауылдық округінің тұрғыны, черкес ұлтының өкілі Бавижева Анель иеленді.
Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал қалған қатысушылар алғыс хаттар мен сувенирлерге ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты