Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қараша, 2021

485

Петропавлда «Этностардың алтын қазынасы-2021» байқауының қорытындысы шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Этностардың алтын қазынасы-2021» онлайн байқауының қорытындысы шығарылды. Іс-шара солтүстік өңірде тұратын этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға және дамытуға бағытталған.

Байқауға қатысуға өңірдің жалпы білім беру мекемелерінің базасында жұмыс істейтін этноклубтар шақырылды.

«Этностардың алтын қазынасы-2021» конкурсына қатысу үшін олар этноклубтың жетістіктері және оның әлеуметтік желілердегі және баспа/электрондық БАҚ-тағы белсенділігі туралы бейнепрезентация, ақпарат ұсынды.

Қорытынды бойынша «Новоишим № 1 орта мектебі» КММ «Мирас» этноклубы бірінші орынға ие болды. Екінші орын «Корнеев гимназиясы» КММ «Miteinander» этноклубына және «Санкт-Лоренц» ЖБМ (Есіл ауданы) берілді. Аталмыш қатысушылар балалардың ана тілін, дәстүрі мен мәдениетін үйренуге деген жоғары шығармашылық әлеуеті мен қызығушылығын көрсетті.

Үшінші орынды «Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты» КММ (Тимирязев ауданы) «Арай» этноклубы иеленді.

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.


Кейін қарай